Қарағандыда Абайдың 175 жылдығы мен Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған дебат турнирі өтті

Қарағандыда Абайдың 175 жылдығы мен Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған дебат турнирі өтті

Қарағандыда ұлы ақын-ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына және көрнекті философ Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған "Өзіңе сен" пікірсайыс турнирінің қорытындысы шығарылды. Шараны "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында облыстық тілдер басқармасы ұйымдастырды. Барлық ЖОО-нан студенттер-дебатерлер жарысты.

Турнир онлайн-форматта өтті. Судьялар ғалымдар мен сарапшылар болды. Олар қатысушылардың шешендік шеберлігін, білім деңгейін, логика мен ұстанымдарының дәлелін бағалады.

Бірінші орын мен Үздік команда атағына Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің спикерлері ие болды. Екінші орынды Қарағанды индустриалды Университеті, үшінші орынды Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті алды. Қарағанды техникалық университетінің "Самұрық" клубынан Амантай Ернияз пікірталастың үздік спикері болып танылды.

Жеңімпаздар дипломдармен, атаулы кубоктармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.