Қарағанды облысында мәдениетті дамытудың жол картасы қабылданады

Қарағанды облысында мәдениетті дамытудың жол картасы қабылданады

Қарағанды облысында карантин кезінде 90-нан астам мәдениет нысаны жөнделді. Кітапханалар, мұражайлар және келушілерге арналған басқа да мекемелер келушілер үшін жабық болғанда, олардың ғимараттары ретке келтірілді. Алайда бұл салада әлі де көптеген проблемалар бар: кадрлардың жетіспеушілігі, ауылдық мәдени ұйымдардың жай-күйі, жабдықтарды жаңарту қажеттілігі. Олар жүйелі түрде шешіледі - өңір басшысы Жеңіс Қасымбек жақын арада мәдениетті дамытудың Жол картасын бекітуді тапсырды.

Облыс әкімі мәдениет қызметкерлерімен онлайн кездесіп, Zoom платформасында кеңейтілген кеңес өткізді. Оған театрлардың, музыкалық ұжымдардың, мұражайлар мен кітапханалардың басшылары, мәдениет қайраткерлері, қалалар мен аудандардың әкімдері қатысты.

Жеңіс Қасымбек шығармашыл қызметкерлерге ынта-жігері үшін алғыс айтты. Карантиннің күрделілігіне қарамастан, олар адамдарға оқшаулануға қолдау көрсетуге тырысты – олар онлайн концерттер мен қойылымдар, виртуалды экскурсиялар өткізді, жаңа формаларды ойлап тапты.

Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Жұмакенов барлық жұмыс орындары сақталғанын хабарлады. 666 мәдениет және мқрағаттар ұйымының бірде-бірі жұмысын тоқтатқан жоқ. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша 96 нысан жөнделді.

Кеңеске қатысушылар өзекті мәселелері туралы айтып берді. Олардың ішіндегі ең бастысы - кадрлардың жетіспеушілігі. Барлық шығармашылық ұжымдарда жас мамандар тапшы. Ауыл мәдениетінің артта қалуы туралы айтылды.

- Сіздер көтеріп отырған барлық сұрақтар өте маңызды. Соңғы үш жылдағы талдау ауылдағы мәдениеттің жағдайы нашар екенін көрсетеді. Қалаларда да балаларға, жастарға және ересектерге арналған мәдени, ойын-сауық және демалыс орындары аз. Мұның бәрі дисфункционалды дүбәра ортаны дамыту үшін алғышарттар жасайды. Бұл саланың дамуы ұлт болашағы үшін өте маңызды екеніне сенімдімін, сондықтан мәселені жүйелі түрде шешу қажет. Жақын арада 2021-2023 жылдарға арналған мәдениетті дамытудың Жол картасы қабылданады, - деді Жеңіс Қасымбек.

Жас мамандарды тарту үшін Мәдениет және мұрағаттар ұйымдарының негізгі қызметкерлерінің жалақысын 30%-ға арттыру туралы шешім қабылданды. Шығармашылық қызметкерлердің тұрғын үй бағдарламасы облыста дәрігерлер үшін қолданылып жүрген кесте бойынша әзірленетін болады.

Облыстық театрларды жаңа автобустармен қамтамасыз ету, мәдениет нысандарының материалдық-техникалық базасын жақсарту жоспарда бар.

Облыс әкімі Қарағандыда бейнелеу мұражайының жаңа ғимараты мен заманауи интерактивті кітапхананың құрылысына арналған учаскелер табуды тапсырды.