
Қарағандыдағы «Террикон алқабы» IT-хабы шілденің 31-і күні өтетін ерекше форматтағы шара — неконференцияға қатысуға шақырады. Бұл — кәсіби шектеулерден тыс еркін пікір алмасуға, жаңа байланыстар орнатуға, IT саласындағы заманауи үрдістер мен тәжірибелерден хабардар болуға арналған ашық платформа.
Шара аясында бұлтты технологиялар саласындағы жетекші сарапшылар өздерінің бірегей жобалары мен тәжірибелерімен бөліседі.
Тілек Адамжанов, VK Cloud pre-sale сәулетшісі, компания әзірлеген Sprut SDN желісінің архитектурасын таныстырады. Болат Қажкенов, CTO, бұлттық шешімдердің түрлі қолдану сценарийлерін көрсетеді. Иван Кабанов, VK Tech сәулетшісі, үнемі ұлғайып отыратын деректермен тиімді жұмыс істеу тәсілдерімен бөліседі. Станислав Погоржельский, технологиялық евангелист, VK Cloud құралдары арқылы киберқауіптерден қалай сақтануға болатынын түсіндіреді. Тимур Айтқалиев, бизнесті дамыту жөніндегі менеджер, стартаптарға арналған IT-инфрақұрылымды қайдан және қалай алуға болатыны туралы әңгімелейді. Светлана Аристархова, өнімдік маркетинг тобының жетекшісі, «Қазақстаннан әлемге: стартапты жаһандық нарыққа қалай шығаруға болады?» тақырыбында дәріс оқиды.
Неконференция 31 шілде күні сағат 18:30-да өтеді.
Формат — онлайн және офлайн.
Өтетін орын: Қарағанды қаласы, Алалыкин көшесі, 12, «Террикон алқабы» IT-хабы.
Қатысу үшін алдын ала тіркеу қажет: terricon.kz.
Шара Қарағанды облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.