
Қарағанды облысында көктемгі су тасқынына дайындық тұрақты бақылауда. ТЖД қызметкерлері Абай және Бұқар Жырау аудандарындағы бөгеттер мен қорғаныс дуалдарының жағдайын әуеден қарап шықты.
Ұшу барысында су басу қаупі аса жоғары тоғыз елді мекен қамтылды. Олардың қатарында Ғ. Мұстафин, Садовое, Сәрепті, Қызылжар және т. б. бар. Самарқанд, Шерубай-Нұра және Ынтымақ су қоймаларының гидротехникалық құрылыстары, сондай-ақ Нұра және Шерубай-Нұра өзендері арналарының жай-күйі зерттелді. Топар өзенін қалпына келтіру және Топар бөгетін қайта құру жұмыстарының барысы қаралды.
Облыстың 27 елді мекенінің аумағында бүгінде 9,155 шақырым қорғаныс бөгеттері салынып, 8,775 шақырым үйінділер нығайтылды. Сондай-ақ, өзен арналарының су тасқыны қаупі бар учаскелерін тазалау, су бұру арналарын салу және жөндеу, дренаждық және су бұру жүйелерін тазарту жүргізілуде.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша