
Қарағанды облысында қысқа дайындық жүріп жатыр. Жолдарды қардан тазарту үшін жаңа жабдықтар сатып алынады.
Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек қысқы кезеңде жолдарды күтіп ұстау бойынша онлайн-жиналыс өткізді.
- Өткен жылы "Қазақавтожол" бұл тапсырманы өте нашар орындады. Бірнеше күн бойы қала толығымен бұғатталып қалған жағдайлар болды. Мердігерлер іс жүзінде өз жұмыстарын тиісінше орындамады. Биыл ондай олқылықтар қайталанбауы тиіс, - деді өңір басшысы.
Алдағы қыста бұл компания аймақта 2 300 шақырым жолға қызмет көрсететін болады. Қалған жолдар мердігер ұйымдар арасында бөлінеді.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Қарағанды филиалының директоры Серік Айдос көктайғаққа қарсы қоспа қорын дайындай бастағанын хабарлады. Қар жинау техникасына ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталуда.
- Кепілдік міндеттемелер аясында 9 бірлік техника сатып алынды, тағы алтауын қазан айында жеткіземіз деп күтудеміз. Біздің есептеуімізше, өткен жылғы жауын-шашын мөлшерін ескере отырып, бұл дайындамаларымыз жолдарды тазарту үшін жеткілікті болуы тиіс, - деп баяндады Серік Айдос.
Облыс әкімі дайындыққа барынша мұқият қарауды және барлық мәселелерді алдын ала шешуді талап етті.