
Қарағанды облысында "Балқаш балық" кәсіпорны жарты жыл ішінде 70 тоннаға жуық өнім экспорттады. Саланың әлеуеті зор. Премьер-министр Асқар Маминнің тапсырмасына сәйкес балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы әзірленетін болады.
Облыс аумағында бес су бассейні орналасқан: Нұра-Сарысу, Балқаш-Алакөл, Есіл, Ертіс және Тобыл-Торғай. Жергілікті маңызы бар 127 және Республикалық маңызы бар үш балық шаруашылығы су айдыны бар. Кәсіпшілік балықтардың 11 түрі бар - тұқы, сазан, мөңке, торта, алабұға, табан, аққайран, қарға, көксерке, жайын, шортан.
Ірі өндіруші және қайта өңдеуші кәсіпорындардың бірі "Балқаш балық" ЖШС болып табылады. Оның өнімдері шетелде танымал.
Қарағанды маңында Бұқар Жырау ауданында бекіре фермасы жұмыс істейді. "Караганда-Осетр" ЖШС тұйық сумен жабдықтау әдісін қолданады. Кәсіпорын қара уылдырықты алуға және қайта өңдеуге, сондай-ақ жоғары сапалы балық өнімдерін өнеркәсіптік қайта өңдеуге және өткізуге маманданған.
Қарағанды балық тәлімбағы облыстың ғана емес, республиканың басқа да өңірлерінің қажеттіліктері үшін жұмыс істейді. Кәсіпорын сондай-ақ жақын шетелдерге балық жіберу материалдарын жеткізеді. Өткізу нарықтары болған жағдайда әртүрлі балық түрлерінің 7,5 млн шабақтары және 300 млн дернәсілін өсіруге мүмкіндік бар.
Биыл облыста акваөсіру өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру үшін субсидиялар ұлғайтылды. Қаржыландыру өседі. Бұл компанияларға жаңа жабдықтар мен құрылғылар сатып алуға мүмкіндік береді.
Биоалуантүрлілікті сақтау үшін жыл сайын су айдындарына балықтандыру және оларды паспорттау жүргізіледі.
2030 жылға қарай балық саласының көлемін арттыру бойынша келесі мақсаттар қойылған: аулау - жылына 1 200 тоннаға дейін және одан жоғары, бағалы кәсіпшілік балық түрлерін өсіру - жылына 230 тоннадан кем емес.