Қарағанды облысынан «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына 60 өтінім берілді

Қарағанды облысынан «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына 60 өтінім берілді

Қарағандылық компаниялар «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына белсенді қатыса бастады. Биыл өңірден 60 өтінім түсті: 17 – президенттік сыйлыққа және 43 – үздік тауар өндіруші атағына.

"Шағын, орта және ірі бизнес өкілдері өндірісті, қызмет көрсету саласын, халыққа арналған тауарлар мен азық-түлік өнімдерін қоса алғанда, барлық негізгі номинациялар бойынша өтінім берді. Өңір компаниялары жоғары белсенділік көрсетті: өтінімдер Қарағанды, Теміртау, Саран, Балқаш, Шахтинск қалаларынан, сондай-ақ облыстың ауылдық аудандарынан келіп түсті", – деп атап өтті Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасында.

ӨКП директоры Ернар Күлпейісов бұл байқауларға қатысу – жаңа деңгейге шығып, беделін нығайту және тәуелсіз бағалаудан өту мүмкіндігі екенін атап өтті.

Өңірлік байқау-көрмеде облыстан республикалық кезеңге шығатын финалистер анықталады.