
Күзгі ауылшаруашылық жәрмеңкелері 26 және 27 қыркүйекте Қарағандыдағы «Global City» КТО аумағында өтеді.
Жәрмеңкеде ауылшаруашылық, ет, сүт және көкөністер мен жеміс өнімдері, сондай-ақ жергілікті тауар өндірушілердің тауарлары орташа нарықтық бағадан төмен бағамен сатылады.
КТО мына мекен-жайда орналасқан: 134-ші есептік орам, 921 құрылым.
Global City-ге №40, 34, 146, 56, 5 автобустар және №02, 29 шағын автобустармен жетуге болады.