Теміртау өлкетану мұражайында «Қала тарихы суретшінің көзімен» атты көрме ашылды

Теміртау өлкетану мұражайында «Қала тарихы суретшінің көзімен» атты көрме ашылды

Теміртаудың тарихи-өлкетану мұражайында қаланың 75 жылдық мерейтойына арналған көрме ашылды. Экспозицияда мұражай қорынан алынған 35 туынды бар. Олардың барлығы металлургтер қаласы тарихының маңызды кезеңдерін және оның әр жылдардағы келбетін бейнелейді.

Көрмеде теміртаулық Михаил Подлесных, Степан Бабий, Юрий Пельтихин сынды кескіндемешілердің, сондай-ақ қарағандылық суретшілер Павел Андреюк, Мыңғыш Әбілқасов, Саркис Саносянның жұмыстарын көруге болады.

Олардың жұмыстары 1940-2000 жылдар аралығында өте ұзақ уақытты қамтиды.

- Барлық қойылған жұмыстар пленэрлер кезінде жазылған. Сондықтан олар 50, 60 жыл бұрын қаланың қандай болғанын көруге мүмкіндік береді. Мұнда сол кездегі Самарқанд кентіндегі алғашқы саман үйлері бейнеленген картиналар да бар, олар кейін Теміртау қаласына айналды. Жастар қазір мұны елестете алмайды: бәрі қирады, ешбір жерден шатырлары төмен және өте кішкентай терезелері бар аласа үйлерді көре алмайсыздар. Суреттер адамдардың мұнда қалай өмір сүргенін көруге мүмкіндік береді», - дейді мұражайдың аға ғылыми қызметкері Татьяна Трещёва.

Көрмеде металлургия комбинатының салынғаны, Самарқанд су қоймасының құрылғаны және қала өміріндегі басқа да маңызды оқиғаларды бейнелеген кенептерді көруге болады.

Көрме күн сайын дүйсенбіден сенбіге дейін 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Билеттердің бағасын (8-7213) 93-19-05 және (8-7213) 93-19-05 нөмірлері бойынша анықтауға болады.