Қарағандылық спортшылар Жастар ойындарындағы көшбасшылығын растады

Қарағандылық спортшылар Жастар ойындарындағы көшбасшылығын растады

Қарағанды облысының жеңіл атлеттер командасы қатарынан төртінші рет Қазақстанның Жастар ойындарының жеңімпазы атанды. Қазіргі нәтиже - 26 медаль: 12 алтын, бес күміс және тоғыз қола.

Бұл туралы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Республикалық біріншілік Алматы облысында Олимпиадалық дайындық орталығының стадионында өтті. Жарысқа 23 жастан аспаған 238 спортшы қатысты. 15 облыс, Астана, Алматы, Шымкент қалалары өз командаларын ұсынды. VI Жастар ойындарында Қарағанды облысының намысын 27 спортшы қорғады: 14 бозбала мен 13 бойжеткен.

-  Жарыстың алғашқы күнінен бастап бес команданың - Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары, Шымкент және Алматы қалаларының арасында қатаң күрес басталды. Біздің құрама көшбасшылыққа ие болып, жарыс аяқталғанға дейін есе жібермеді. Бірақ кенет алматылықтар алға шықты. Бағдарламаның тек соңғы түрі - 4х400 метрге эстафеталық жүгіру ғана құтқарар еді. Екі команда тең дәрежеде алтын медальға ие болды, бірақ біз күміс жүлде санынан ұтылып келе жаттық. Біздің қыздар командамыз жеңісті тартып алып, сегізінші алтын ұтып, жалпы командалық бірінші орынды иеленді, - деді жеңіл атлетикадан Қарағанды облысының аға жаттықтырушысы Андрей Агеев.

Екінші орынды Алматы иеленді. Үшінші орында Шығыс Қазақстан облысының командасы.