
Бүгін, жұма күні кешке Қарағандының Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Жасыл ел» XXI еңбек маусымының ашылуы атап өтіледі. Жастар үшін танымал әртістер Мирас Жүгінісов, Әділ, Sanzhar және Altair & Abbi дуэті өнер көрсетеді. Концерт сағат 18:00 басталады. Кіру тегін.
Ал демалыс күндері, 21-22 маусымда саябаққа Виктор Цой мен Юрий Шатуновтың жанкүйерлерін шақырады. Сондай-ақ, Халықаралық йога күні атап өтіледі.
21 маусым күні сағат 18:00 - басты саябақ сахнасында Виктор Цойды еске алу концерті өтеді. Қарағандылық «Грузовик», «Фрактал», «Ниагара» және «11-ый этаж» рок-топтары өнер көрсетеді. Олар «Кино» тобының хиттерін орындайды.
22 маусым
09:00 - Қазақстандағы Үндістан елшілігі, Қазақстан йога академиясы өкілдерінің қатысуымен Халықаралық йога күніне арналған мереке ұйымдастырады. Барлық ниет білдірушілер йога-хаттамаға қатыса алады - бұл 30 асана, тыныс алу және демалу тәжірибесі. Футболкалар мен басқа да сыйлықтар ойнатылады.
18:00 - саябақтың басты сахнасында Юрий Шатуновты еске алу концерті өтеді. Қарағандылық «Ветер Перемен» кавер-тобы «Ласковый май» хиттерін орындап, өнер көрсетеді.