Мемлекеттік қолдау шаралары Қазақстан үшін жаңа сала — коксохимия өнеркәсібіндегі жобалардың қарқынды іске қосылуына жол ашты

Мемлекеттік қолдау шаралары Қазақстан үшін жаңа сала — коксохимия өнеркәсібіндегі жобалардың қарқынды іске қосылуына жол ашты

Қарағанды облысында өндірісті жаңғыртып, қуаттылығын арттыруға бағытталған ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Qarmet кәсіпорнында жаңа кокстық батареялар салынады. Жоба аясында әлемдік деңгейдегі жетекші коксохимиялық жабдық өндіруші тартылған.

– Жаңа батареяларды іске қосу Qarmet компаниясына өндірістік қуаттылығын қалпына келтіруге және халықаралық экологиялық әрі технологиялық стандарттарға сай келетін жаңа буын технологияларын енгізуге мүмкіндік береді. Бұл болат өндірісінің жылдық көлемін 5 млн тоннаға дейін ұлғайтады, – деді Qarmet Corporation басқарма төрағасы Пётр Трушин.

Сондай-ақ, қазіргі таңда жылына 2,5 млн тонна өнім шығаратын құю-прокат кешенінің құрылысы жүргізілуде. Бұл кешен арқылы болаттың жаңа түрлерін шығару жолға қойылып, металл өнімдерінің импорты біртіндеп ішкі өндіріспен алмастырылмақ.

@KZgovernment