Қарағандылықтарды «Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі» жобасына қатысуға шақырады

Қарағандылықтарды «Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі» жобасына қатысуға шақырады

Қарағандыда Social Trust әлеуметтік кәсіпкерлік мектебіне қатысушылардың екінші легі басталады. Семинар 2-3 қазанда ZOOM платформасында онлайн режимде өтеді. Басталуы 09.30.

Бағдарламада арнайы презентациялар, пікірталастар, тәжірибелі кәсіпкерлермен тегін кездесулер, Қазақстандағы бизнесті қолдау ұйымдарының өкілдерімен сұхбат қарастырылған.

Green Tal әлеуметтік шеберханасының жетекшісі, Social Trust әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің негізін қалаушы Эмин Әскеров өзінің табысқа жету тарихын онлайн режимінде айтып береді.

Эмин Әскеров - Шығыс гуманитарлық институтының «Әлеуметтік қызметкер» мамандығы бойынша түлегі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы және ҚР-дағы бірегей пилоттық жоба – әлеуметтік шеберхананың негізін қалаушы.

Бүгінде шеберхана жеті бағытта жұмыс істейді: ағаш ұстасы, дәнекерлеу және тігін, сайт жасау бойынша АТ-қызметтері, тоқыма және қабырға өңдеу, полиграфия. Жоба халықтың әлеуметтік осал топтарын оқыту және жұмысқа орналастыру мәселелерін шешеді және 34 адамды құрайды.

Сондай-ақ, семинарда мемлекет пен халықаралық қорлар тарапынан кәсіпкерлікті қаржылық қолдау нысандары туралы «Center AT» ЖШС директоры Татьяна Хасанова, Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының және «Атамекен» ҰКП өкілдері айтып береді.

Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебін ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның негізгі мақсаты - әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға ұмтылатын болашақ кәсіпкерлерге практикалық көмек көрсету және кеңес беру, бизнес негіздерін оқып, жеке ісін ашу.

Жоба өңірдің дамуына өз үлесін қосып, өз бизнесін бастағысы келетін кез келген жастағы адамдар мен топтарға бағытталған.

Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі» семинарлары өтті. Мектепке 200-ден астам оқушы келді.

Жобаға қатысу үшін өтінімді мына телефондар арқылы беруге болады: 8-701-521-57-39, 8-700-477-66-47.