Жыл басынан бері Қарағанды облысының өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындары медициналық сақтандыру қорына 10,3 млн теңгеден астам қаржы аударды

Жыл басынан бері Қарағанды облысының өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындары медициналық сақтандыру қорына 10,3 млн теңгеден астам қаржы аударды

Жыл басынан бері Қарағанды облысының өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындары әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 10,3 млн теңгеден астам қаржы аударды. Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) 2020 жылдың қаңтарынан бастап 11,5 мыңға жуық адам төлеген.

Естеріңізге сала кетейік, БЖТ - бейресми жұмыспен қамтылған азаматтар үшін бірден бірнеше жүйеге қатысудың жеңілдетілген тәсілі, себебі ол міндетті төлемдердің төрт түрін қамтиды. БЖТ жалпы сомасы (2020 жылы қала тұрғындарына - 2 651 теңге және ауыл тұрғындарына - 1 326 теңге) келесідей бөлінеді:

- 10% жеке табыс салығына жұмсалады;

- 20% - мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарға;

- 30% - БЖЗҚ-ға зейнетақы төлемдеріне;

- 40% - медициналық сақтандыру қорына.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде "сақтандырылған" мәртебесін сақтау үшін БЖТ әр айдың бірінші күні төленуі тиіс екенін еске салды.

- БЖТ өткен кезең үшін қабылданбайтынын атап өту қажет. Егер БЖТ төлеушіде өткізіп алған жарналар болса, оларды "дербес төлеуші" ретінде әрбір өткізіп алған ай үшін 2 125 теңгеден төлеу қажет. Одан әрі ағымдағы айда БЖТ төлеуі тиіс, - деп толықтырды медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының бөлім басшысы Светлана Щеткина.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша