
Қарағанды облысында жаңа жылыту маусымы қарсаңында өрт қауіпсіздігі айлығы өтті. ТЖД қызметкерлері рейдтер барысында пеш жүйелерін дайындау ережелерін түсіндіріп қана қоймай, мұқтаж адамдарға да көмектесті.
Көп балалы отбасы тұратын жеке үйде құтқарушылар түтін мұржасын тазалап, улы газ датчигін орнатты. Әлеуметтік қорғалатын санаттағы 7 300-ден астам үйді аралады.
Алдын алу акциясы үкіметтік емес ұйымдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өткізіледі. 2018 жылдан бастап жеке үйлерде 2 мыңнан астам улы газ датчигі орнатылды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша