Қарағанды облысындағы полигонда жаңа зениттік жабдықтар сыналды

Қарағанды облысындағы полигонда жаңа зениттік жабдықтар сыналды

Қарағанды облысының Спасск кентінде отандық ЗУ-23-2 құрастырмалы зениттік қондырғылары сынақтан өтті. Полигонда жаңа жабдықтарды пайдалана отырып, тәжірибелік оқ атулар өткізілді.

Отандық кәсіпорындарда қондырғылар жаңғыртылды. Олардың ерекшелігі - "ине" типті портативті зениттік-зымыран кешенін орналастыруда . Зенитшілердің алдына 800-1200 метр қашықтықта әуе нысаналарын ату міндеті қойылды.

Бөлім командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары подполковник Нұржан Сүлейменовтың айтуынша, сынақтар сәтті өтті.

- Тәжірибелік сабақтар кезінде қатты жел мен бұршақ жауды. Бірақ ауа-райы қолайсыздықтары жүргізіліп жатқан жауынгерлік атыстардың сапасына әсер еткен жоқ, - деп атап өтті ол.