760greenkm экомарафонының қатысушылары Қарағандыға келеді

760greenkm экомарафонының қатысушылары Қарағандыға келеді

760greenkm көпкүндік экомарафонының қатысушылары 24 қыркүйекте Қарағандыға келеді. Олар тиісті қашықтықты жүгіріп өтіп қана қоймай, облыс орталығында ағаштар отырғызады.

Экомарафонды ұйымдастырушылар - әуесқой спортшылар Дмитрий Ким, Ғалым Чуашев және Айдын Сәдібеков. Олардың идеясы бір айдан аз уақыт ішінде Қазақстанның 18 қаласын аралауды көздейді. Әр қалада олар 24 шақырым жүгіріп өтіп, сондай-ақ ағаш отырғызулары қажет.

- Біздің негізгі міндетіміз - табиғатты сақтау, Спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау арқылы адамдардың қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгерту. Біз Қазақстан бойынша жалпы 760 шақырым жүгіруді жоспарлап отырмыз - күн сайын 18 қалада 18 күнде 42 шақырым жүгіруді жоспарлап отырмыз, марафонда болашақ ұрпаққа өзіміздің жасыл ізімізді қалдыру үшін 760 ағаш отырғызамыз, - дейді Дмитрий Ким.

Белсенділер көшеттерді демеушілік қаражат есебінен сатып алды.

Ерекше марафон 20 қыркүйекте Талдықорғанда басталды. Оның қатысушылары Өскеменде, Семей және Павлодарда болды. Қарағанды - олардың жолындағы бесінші қала.

Бұдан әрі тізім бойынша Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Ақтөбе, Орал және еліміздің басқа да қалалары бар. Жастар Алматыда 7 қазанда мәреге жетеді.

Марафоншыларды онлайн режимде Instagram - @760greenkm парақшасында қадағалауға болады.