
Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» фильмі 24 қыркүйекте Сан-Себастьяндағы 68-ші Халықаралық кинофестивальде – «А» класындағы әлемдегі ең көне және беделді кинофестивальдердің бірінде көрсетіледі. Бұл туралы Instagram-да «Қазақфильм» киностудиясы хабарлады.
Сан-Себастьяндағы кинокөрсетілім Еуропада маңыздылығы бойынша Канн, Берлин және Венециядан кейін төртінші орында тұр. Шоу Zabaltegi Tabakalera секциясы аясында өтеді, оған кинематографиялық экспрессивтіліктің жаңа жолдарын іздеуге бағытталған авторлардың картиналары қатысады.
Азиялық «Оскар» иегері, режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» фильмінің премьерасы 10 қыркүйекте 77-ші Венеция Халықаралық кинофестивалінің «Көкжиектер» бағдарламасы аясында өтті.