
21 қыркүйекте Қарағанды облысында «БЖК-2025» бағдарламасының бірінші бағыты - шағын және микробизнесті несиелеу шеңберінде «Оспанова Н. Б.» ЖК-не бірінші қарыз берілді.
Қарағандының «Альфа банк» АҚ ЕБ жылдық 17,5% мөлшерлемесі бойынша айналым қаражатын толықтыруға портфельдік субсидиялау мен кепілдендіруді мақұлдады, оның 11,5%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды, ал қалған 6%-ын қарыз алушы төлейді. Сондай-ақ, Қор жетіспейтін 85% кепілдікке кепілдеме берді.
Бағдарламаға салалық шектеулерсіз микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Кәсіпкер үшін портфельдік субсидиялау құралын қолдана отырып, несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%-ды, «Даму» Қорының кепілдігі – несие сомасының 85%-ын құрайды.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры баспасөз қызметінің ақпараты бойынша»