Қарағанды облысында әскери қызметшілер отбасыларының байқауы өтті

Қарағанды облысында әскери қызметшілер отбасыларының байқауы өтті

«Астана» өңірлік қолбасшылығы «Мерейлі отбасы» онлайн-байқауын өткізді. Қатысушылар өз отбасылары туралы бейнероликтер ұсынды. Жеңімпаздар «Көп балалы отбасы» және «Әскери әулет» номинациялары бойынша таңдалды.

Старшина Марғұлан Саткеев жұбайымен бірге бес ұл тәрбиелеп отыр, олардың ең кішісі бір жаста. Үлкен ұлы Әділ әкесінің жолын қуып, әскери мамандықты таңдады. Ол Құрлық әскерлері Әскери институтының үздік курсанттарының бірі. Оныншы сынып оқушысы Абуахмет спортпен айналысады, ол дзюдодан спорт шеберіне үміткер. Сондай-ақ, «Жас талант» республикалық байқауының жүлдесін жеңіп алды. Ернұр жетінші сыныпта, Ерсұлтан екінші сыныпта оқиды. Екеуі де оқу озаттары.

Саткеевтер ең үздік үлкен отбасы деп танылды. «Әскери әулет» номинациясын Приозерск гарнизонының әскери бөлімінде қызмет ететін майор Бауыржан Қаратаевтың отбасы жеңіп алды.

Байқау жеңімпаздарын «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Мұрат Ағубаев құттықтады.