Қарағанды облысының табиғи-климаттық жағдайлары мен географиялық жағдайы дәнді дақылдарды, картоп пен көкөністерді өсіру, мал шаруашылығын дамыту үшін оңтайлы болып табылып, облысқа ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу бойынша Қазақстанның жетекші өңірлерінің бірі рөлін айқындады.
Егістік алқаптардың құрылымын әртараптандыруды ескеру арқасында, сұранысқа ие дақылдардың егістік алқаптары ұлғайды, оның ішінде бидай, майлы дақылдар, картоп.
Аграрлық сектордың жалпы өнімінің жартыға жуық мал шаруашылығы өнімі құрайды.
Жыл сайын малдың барлық түрлерінің санын көбейту мен мал шаруашылығы өнімдерін өндіру қамтамасыз етуде.
Өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты құс етін, балықты, өңделген сүт пен кілегейді, сүт өнімдерін, макарон өнімдерін, кеспе мен ұн өнімдерін, торттар мен кондитерлік өнімдерді қайта өңдеу ұлғайды.
Облыс өңірлерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуін тежеу үшін жәрмеңкелер өткізілді, онда нарықтық бағадан төмен бағамен өнім сатылады.