Электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және газбен жабдықтау
Облыс бойынша жылу желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 2 110,6 км құрайды.
Электр желілерінің ұзындығы 18 461,1 км асады.
Облыстың жылу желілері мен электр беру желілерін жаңғырту, реконструкциялау және күрделі салу энергия беруші ұйымдардың бекітілген инвестициялық бағдарламалары шеңберінде, сондай-ақ мемлекеттік салалық даму бағдарламалары шеңберінде бюджеттік қаржыландыру есебінен жүзеге асырылады.
Осылайша, жылу және электр энергиясын беру және тарату саласындағы кәсіпорындар перспективаға арналған инвестициялық даму бағдарламаларын (2025 жылға дейін) бекітіп, іске асыруда.
Сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 4895,5 км, су бұру – 1713,11 км құрайды.
Облыс халқын сапалы ауыз сумен және тұрақты су бұрумен қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы «Құатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде 27 жобаны іске асыруға 12,5 млрд теңге бөлінді.
100% халықты ауыз сумен қамтуды 2025 жылға қарай қамтамасыз ету жоспарланған.
Жылумен жабдықтау
Жыл сайын жылу электр станцияларын дамыту және жаңғырту бойынша іс-шаралар өткізіледі. Энергия көздерінің негізгі жабдықтарын жаңғырту науқанына облыстың ірі станциялары – "Қарағанды Энергоцентр" ЖШС ЖЭО-3, Балқаш ЖЭО және Топар ГРЭС, "АрселорМиттал Теміртау"АҚ ЖЭО-2 қатысады. 2027 жылға дейінгі кезеңде станциялардың белгіленген электр қуатын 410 МВт-қа, жылу қуатын 430 Гкал/сағ-қа ұлғайту жоспарлануда.
Іс-шаралар станциялардың жұмысын жақсартуға және жылу және электр энергиясын сапалы өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.