Меню

Страницы

Статья

Ұлттық спорт түрлері

Қарағанды облысында ұлттық спорт түрлерінің дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Облыста 11 ұлттық спорт түрлері таралған (тоғызқұмалақ, саят, бәйге, жекпе-жек, қазақ күресі, асық ату, қыз қуу, теңге ілу, аударыспақ, көкпар, жамбы ату), шұғылданушылар саны 42 мыңнан астам адамды құрайды. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы қатарына облыстың 18 спортшысы енген.

2019 жылы ұлттық спорт түрлерін қаржыландыру айтарлықтай ұлғайтылды. Басқарма бойынша 2018 жылы 13 млн. теңге бөлінсе, өткен жылы 38 млн. теңге бөлінді.

Қалалар мен аудандарда ұлттық спорт түрлерін дамыту үшін 42 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді.

Бұл өз нәтижесін беруде. Мәселен, облыс спортшылары Ұлттық спорт түрлерінен жастар арасындағы I Азия Чемпионатында, "Қазақстан Барысы" республикалық турнирінде, аударыспақтан ересектер арасындағы ҚР Чемпионатында, тоғызқұмалақтан Халықаралық турнирде жеңімпаз және жүлдегер атанды.

Алғаш рет Қарағанды қаласында "Сарыарқа батырлары" I республикалық турнирі ұйымдастырылып, оған еліміздің 200-ден астам палуандары қатысты.

2019 жылдың жарқын және бұқаралық сипаттағы шарасы - Ботақара ауылында өткен ұлттық спорт түрлерінің Фестивалі болды. Оған қалалар мен аудандардан 200-ден астам спортшы қатысып, жарыс қорытындысы бойынша V республикалық Фестивальға қатысу үшін облыстың құрама командасы жасақталды. 13 спорт түрінен өткен жарыста қазақ күресі бойынша спортшылар 3-ші жалпыкомандалық орынды иеленсе, теңге ілу және тоғызқұмалақ бойынша 2 орындарға қол жеткізді.

Қараша айында Ақсу-Аюлы ауылында облысымызда алғаш рет саятшылықтан Сәкен Сейфуллиннің 125-жылдығына арналған «Ұлы дала мұрасы» Халықаралық турнирі өткізіліп, оған Моңғолия, Қырғызстан елдерінен және республикамыздың 13 облысынан 90-нан астам спортшы қатысты.

Моңғолияның Улан-Батыр қаласында қазақ күресінен өткен Азия Чемпионатында облыс спортшылары Тұтқышев Нариман мен Хуанбай Еламан алтыннан алқа тақса, Бекзат Ахметбеков күміс медальды олжалады.

Бұған қоса желтоқсан айында Ақтөбе қаласында өткен Әлем Чемпионатында жерлесіміз Ғалымов Айдос алтын медаль жеңіп алып, 74 кг. салмақ дәрежесінде Әлем Чемпионы атанды.

Түркияның Стамбул қаласында тоғызқұмалақтан өткен Халықаралық турнирде Қожанәсіп Аңсаған 1 орынға иеленсе, Қожанәсіп Асылхан түріктің "манқала" ойыны бойынша жеңімпаз атанды. Командалық есепте облыс құрамасы 1 орыннан көрінді.

Дата публикации
03 февраля 2020
Дата обновления
03 февраля 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

saryarqaaqparat
Сарыарқа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы