Меню

Страницы

Статья

Мүгедектер спорты

Мүгедек адамдардың спорт нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету және оларды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту мақсатында, өңірімізде белгілі бір жұмыстар атқарылуда.

Облыс бойынша 67 372 мүгедек жан тіркелген,соның ішінде 35 867 адамның денсаулығы спортпен шұғылдануға жарамды, 4 086 адам спорттың 31 түрімен шұғылданады. 92 спортшы ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі.

Облыстағы «Лучик надежды» қоғамдық қайырымдылық қоры, Қарағанды зағиптар қоғамы, Қарағанды саңыраулар қоғамы, «Batyl jureq» ерекше балаларға көмек көрсету қайырымдылық қоры сияқты қоғамдық бірлестіктермен бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, мүгедектерді ДТжС құралдарымен оңалтуға, балалар мен жастарды дене шынықтырумен тұрақты айналысуға және салауатты өмір салтына тартуға бағытталған спорттық іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Сонымен қатар, «Қазақстандық арнайы Олимпиада» ҚБ филиалы жұмыс істеуде. Облыстық және республикалық жарыстарға облыстың түзетулік ұйымдарынан психикалық дамуы тежелген 2259 бала мен жастар тартылуда, соның ішінде «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде, спортпен шұғылдануға аутизмі бар, психикалық дамуы тежелген және сал ауруы бар 92 бала тартылды.

Қарағанды облысының әкімдігі мен «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылып, бұл аутизмі бар балаларға жалпы білім беретін мектептердің жүзу бассейндері мен спорт залдарына тегін баруға мүмкіндік берді. Таэквондо, хореография, жүзу және бочче секциялары ашылуда.

«Рухани жаңғыру» бағдарламалық құжатын жүзеге асыру мақсатында церебралды сал ауруы бар балалар үшін футболдан 7*7 спорттық іс-шарасы өткізіліп тұрады.

Басты бағыттардың бірі облыс өңірлеріндегі мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады, мұндай іс-шараларға 1827 мүмкіндігі шектеулі адам тартылады. Жыл сайын қимыл-қозғалысы кем, есту және көру мүшелері нашар мүгедек спортшылар арасында Қарағанды облысы әкімінің жүлдесіне арналған облыстық Спартакиада, сондай-ақ спорттың әр түрінен 1000-нан астам адам қатысатын облыстық жарыстар өткізіліп отырады. Биылғы жылы аталмыш спартакиаданы 16-18 мамырда өткізу жоспарланып отыр.

2021-2022 жылдардағы басты міндет облыс спортшыларының Сурдлимпиадалық ойындарға (Бразилия) қатысу нормативін орындаулары және растаулары үшін халықаралық жарыстарға, сондай-ақ, Қытайда (Гуанчжоу) өтетін Параазиялық ойындарға лайықты қатысулары болып табылады. Облыс спортшылары спорт түрлерінен өтетін Әлем чемпионаттарына қатысып отырады.

Алдағы жылы есту қабілеті нашар спортшылар арасында ҚР спартакиадасын өткізу жоспарланған болатын, бұған Қарағанды облысының командасы толық құрамда қатысады.

2014 жылдың сәуір айынан бастап, мүмкіндігі шектеулі спортшылар Қарағанды облысының әкімімен бекітілген стипендиаттарының қатарына енгізілген болатын. Бүгінгі таңда 13 жан облыс әкімінің стипендиясын алады.

Сонымен қатар, мемлекеттік спорттық тапсырыс шеңберінде (жан басына шаққандағы қаржыландыру) 112 баланы қамтитын адаптивті таэквондодан (есту қабілеті нашар) және шахматтан (қимыл –қозғалысы кем) өтінімдер мақұлданды.

Дене шынықтыру саласындағы мәселелерді жедел шешу үшін жеделхат-чат құрылды.

2003 жылдан бастап облыста мүгедектерге арналған спорт мектебі жұмыс істейді. Бұл мекемеде спорттың 16 түрі дамытылуда және Теміртау қаласы мен Жаңаарқа ауданында (пауэрлифтингтен) филиалдары (48 адам) ашылды. Мектепке спортпен айналысуға денсаулығы жарайтын 450 мүмкіндігі шектеулі жан (оның ішінде 222 бала) қабылданды. Олармен 22 бапкер-жаттықтырушы жұмыс істейді.

Мектептің құрамын кеңейтіп, өңір балаларын (200-ден астам) спортпен шұғылдануға қамту үшін жаттықтырушылардың қосымша тағы 12 штаты бөлінді.

Бүгінгі күні 10 бапкер- жаттықтырушы (7,5 мөлшерлемеге) жұмысқа қабылданды, соның ішінде: Жезқазған қаласында - 2 жаттықтырушы (0,5-шағын футбол, 0,5-үстел теннисі - 1 штат), Сәтбаев қаласында-жеңіл атлетикадан 1 жаттықтырушы (0,5 мөлшерлеме) және жүзуден 2 жаттықтырушы (1 штат), Абай қаласында - жүзуден 1 жаттықтырушы (1 штат), Қарағанды қаласында – жүзуден 3 жаттықтырушы (2 – Н.Әбдіров, 1 – Головкин атындағы ДШСК), Теміртау қаласында -жүзуден 1 жаттықтырушы (1 штат).

Сондай-ақ, Шахтинск қаласына (ДШСК ашылғаннан кейін) жүзуден штат бөлу жоспарлануда.

Биылғы жылдың мамыр айына дейін 12 штат бөлінетін болады.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде биыл 10 жаттықтырушы Ресей спорт академиясының бағдарламасы бойынша бейімделген дене шынықтыру курсынан оқудан өтеді, бұл аутизмі және менталды кемістігі бар 80 баланы (Саранда-8 бала, Теміртауда-16 бала, Қарағандыда-54 бала) жүзумен айналысуға тартуға мүмкіндік береді. Бұған 49 млн. теңге бөлінді. Жүзумен айналысуды қалайтын аутизмі бар балалардың тізімі жинақталды. Осы жобаға қатысқысы келетін жаттықтырушыларды қабылдау жүргізілді. Қазіргі уақытта мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жеңімпазымен («Батыл жүрек» ҚБ) шартқа қол қойылды.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандардың дене шынықтырумен айналысуға қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Облыстық және қалалық штаттан тыс кеңесшілерімен бірге, мүгедектігі бар адамдардың мәселелері жөнінде ZOOM режимінде кеңес өткізілді, онда проблемалық мәселелер талқыланды.

Осы кеңестің қорытындысы бойынша Басқарма қарамағындағы барлық мекемелерге «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңда белгіленген талаптарды орындау, спорттық ғимараттарды қайта жаңартуға арналған жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде кемшіліктерді жою, спорт нысандарының халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімді болуына жағдай жасау туралы хат жолданды.

Барлық мемлекеттік спорттық нысандарда 1,2 топтағы мүгедектерге көрсетілетін тегін қызмет және 3 топтағы мүгедектерге арналған 50% жеңілдік туралы ақпарат орналастырылды.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға спорттық нысандарды ұсыну жөнінде жеке спорт ғимараттарының басшылығымен жұмыс жүргізілуде. ОРДО, «Карат» СК, жүзу мектебінің жүзу бассейні, №27 ОМ спорт залы, Теміртау қаласындағы «Ровесник» БЖК, «Жастар» СК сияқты спорттық ғимараттар өз қызметін ақысыз ұсынуда. Сондай-ақ, жүріп-тұруы шектелген, көру қабілеті нашар балаларға арналған интернаттар мен Қарағанды зағиптар қоғамы өз үй-жайларын ұсына алады. Осы нысандардың барлығы санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес келеді және мүгедек спортшылар осы нысандарға еш қиындықсыз кіре алады.

Облыста осындай жандардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын спорт нысандарын салу жалғастырылуда. Жұмыс істеп тұрған спорт кешендері мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімделген, 68 ірі спорт кешендерінің 15-і, яғни 22% мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен айналысуына бейімделген. Алдағы уақытта қалғандары да кезең-кезеңімен бейімделетін болады. Сондай-ақ, бүгінгі таңда бюджеттік және бюджеттен тыс қаражат есебінен 13 ірі спорт ғимаратының құрылысы жүргізілуде, онда мүгедектерге арналған пандустар, тактильді жолдар мен қосымша құрылғылар орнату қарастырылған. Сонымен қатар, облыс қалалары мен аудандарындағы 595 спорт алаңдары мен көпфункционалды хоккей корттары мүгедек жандар үшін қолжетімді.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін спорттық ғимараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауға алынған.

Дата публикации
01 февраля 2021
Дата обновления
01 февраля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

saryarqaaqparat
Сарыарқа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы