Меню

Страницы

Статья

Волонтерлік

Қарағанды облысында Волонтер жылын өткізу бойынша облыста «Birgemiz» іс-шаралар жоспары әзірленіп, аталмыш жоспардың аясында қарқынды жұмыс жүргізілуде.

Волонтерлікті насихаттау, ынталандыру, мәртебесін арттыру мақсатында 7 бағыт бойынша жұмыс ұйымдастырылуда («Bilim», «Saulyq», «Sabaqtastyq», «Taza Qazaqstan», «Asyl mura», «Qamqor», «Umit»). Және әрбір бағытқа әлеуметтік маңызды жобалар әзірленді.

Облысымызда 7813 нан астам адамды қамтитын 97 волонтерлік топ қызмет жасайды.

Жыл басында қардың шамадан тыс көп жаууына байланысты облыс басшылығының қолдауымен «Біргеміз» акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шараға 31000-нан астам адам, 1643 кәсіпорын мен ұйым қатысты, 803 мамандандырылған техника тартылды. 3 622,15 гектар аумақ жиналып, 41 292,25 м3 қар шығарылды.

Төтенше жағдай кезінде облыстың көптеген тұрғыны волонтерлік көмекке мұқтаж болды. Осы сындарлы шақта облыс волонтерлері айрықша белсенділік таныта білді.

Волонтерлер жылы бастау алғаннан бері жалпы 154 763 адамды қамтыған 1112 акцияда 6082 волонтерлер еңбек етті.

Қарағанды облысында ағымдағы жылдың 15 наурызынан 6 мамырына дейін волонтерлермен және кәсіпкерлердің демеушілігімен, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, жалғызбасты қарт адамдарға, мүгедектерге және барлық мұқтаж жандарға көмек көрсету бойынша 778 акция өткізілді. 

Жалпы 14 251 отбасы немесе 65 700 адам қамтылды.

Барлық мұқтаж жандарға жалпы сомасы 42,8 млн. тг (42843,8 мың тг) қаражатқа 106,8 тонна азық-түлік, санитарлық-гигиеналық және тұрмыстық заттар таратылды.

Сонымен қатар, волонтерлермен, жеке тұлғалармен және кәсіпорындармен 44 521 дана бетперделер тігіліп, халыққа таратылды. Аталмыш кезеңде облыс бойынша 2000 астам волонтер қоғамның игілігі үшін қызмет етті. Облыстың Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, барлық волонтерлер жұмыс кезінде бетперде, резеңке қолғап, антисептикпен қамтамасыз етілді.

2020 жылдың наурыз айынан бастап Қарағанды облысында «Saryarqa jastary» облыстық волонтерлер штабы құрылып жұмыс атқарды. Штаб облысымыздың 3 653 тұрғынына көмек көрсетті.

7 мамырдан бастап «Halyq» қайырымдылық қоры мен «Шұбаркөл Премиум» АҚ, сондай-ақ, «9 регион» және «Қостанай ШинСервис» фирмасының демеушілігімен ардагерлерге, аз қамтылған отбасыларға елу келіден 3000 азық-түлік қорабы үлестірілді.

Сонымен қатар, облыс көлемінде Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін қолдау мақсатында «Ардагерім-Ардағым» кең ауқымды кампаниясы жүзеге асырылып келеді. Аталмыш кампания аясында жыл басынан бері облыс бойынша 553 іс-шара ұйымдастырылды.

Волонтерлер жылы аясында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Волонтерлер жылын ұйымдастыру мен өткізу бойынша аймақтық бағдарлама жасалып, осы бағдарлама бойынша жұмыс атқарылуда.

Атап айтқанда, биыл Облыстың волонтерлік қозғалысын қолдау және дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені ұйымдастырылуда.

Бұл іс-шаралар кешенінде жоғарыда айтылған бағыттар қамтылды.

Сонымен қатар, осы салада жұмыс тәжірибесі бар сертификатталған мамандарымен еріктілердің коммуникативтік қабілеттерін, өмірлік маңызды дағдыларын дамытуға және топта жұмыс істеуге арналған барлық бекітілген бағыттар бойынша семинар-тренингтер өткізіледі.

Сонымен қатар, Волонтерлікті дамыту бойынша «Qoldau» аймақтық ресурстық орталығы қызмет көрсетеді.

Бұл орталықтың негізгі мақсаты волонтерлер қозғалысына әдістемелік қолдау көрсету және дамыту болып табылады.

Сондай-ақ, облыста «Asyl mura» бағыты бойынша фронт-офис жұмыс атқаруда.

Аталмыш жоба аясында Республика көлеміндегі үздік волонтерлік ұйымдарға 300 000 тг көлемінде 68 грант тағайындалатын болады.

ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың волонтерлік ұйымдарға гранттар бөлу туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында облыстың 10 үздік волонтерлік ұйымына 3 000 000 тг көлемінде қаражат табысталатын болады.

Сондай-ақ, Волонтерлер жылы аясында TEDx форматындағы конференциясы өткізіліп және «Оi tolgau» жобасы жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, облыстың аудандары мен қалаларында волонтерлік саласына биылғы жылы 21 420 000 тг бөлінген.

Короновирус пандемиясына байланысты Қарағанды облысында Төтенше жағдай жарияланғаннан бері облыс көлеміндегі волонтерлер тарапынан атқарылған орасан зор жұмысты ескере отырып, Қарағанды облысы әкімінің «Алғыс хатымен» 250 волонтер марапатталды.

Дата публикации
04 октября 2021
Дата обновления
26 мая 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

saryarqaaqparat
Сарыарқа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы