Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1511 қаулысымен
бекітілген
Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасы
1.Жалпы ережелер
Авиамаршруттың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті кіріс деңгейін қамтамасыз етпейтін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері негізінде жүзеге асырылатын, авиамаршруттар бойынша халықаралық тұрақты тасымалдар бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жатады.
Субсидиялауға әрбір авиамаршрут бойынша бөлінген бюджеттік субсидиялардың жылдық сомасы шегінде авиатасымал кезінде жолаушыларды, жүкті, поштаны және багажды тасымалдаудан алынған кіріс пен қалыптасатын пайдалану шығыстарының сомасы арасындағы айырма жатады.
Белгілі бір рейстегі пайдалану шығыстары азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған тәртіппен есептеледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.06.2019 № 435 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Жергілікті бюджеттен субсидиялауға ұсынылатын авиамаршруттарды іріктеуді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары құратын комиссия (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органның комиссиясы) жүзеге асырады.
1) астананы, республикалық маңызы бар қалаларды облыс орталықтарымен және облыстардың ірі қалаларымен байланыстыратын авиамаршруттар;
2) егер өңірдің дамуы үшін маршруттың әлеуметтік-маңызды сипатты болса, облыс орталықтарын өзара байланыстыратын авиамаршруттар және облысаралық авиамаршруттар;
3) егер өңірдің дамуы үшін маршруттың әлеуметтік-маңызды сипаты болса, астананы, республикалық маңызы бар қалаларды және облыс орталықтарын туристiк қызмет объектiлерiмен және республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен байланыстыратын авиамаршруттар.
4) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған өзге халықаралық авиамаршруттар.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе ол уәкiлеттiк берген мемлекеттік органның шешiмiмен айқындалған авиамаршруттар жергілікті атқарушы органдардың өтініштері негізінде айқындалады.
Жергілікті бюджеттен субсидиялауға ұсынылатын авиамаршруттардың тізбесіне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен айқындалған кіріс деңгейін қамтамасыз етпейтін және бір облыс шегінде шалғай елді мекендермен байланысты қамтамасыз ететін авиамаршруттар қосылады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.11.2017 № 722 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2019 № 435 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Жергілікті атқарушы органның комиссиясы қалыптастырған жергілікті бюджеттен субсидиялауға жататын авиамаршруттардың тізбесі заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті қалыптастыру кезінде бюджетті жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынылатын бюджеттік өтінімге енгізіледі.
Авиамаршруттарды субсидиялауға бөлінген ақшалай қаражатты тиімді пайдалану мақсатында (тұрақты авиамаршруттарды бюджеттік субсидиялау шартының немесе шарттардың шеңберінде тараптардың келісімі бойынша) субсидиялауға жататын нақты сома авиамаршруттар бойынша жоспарланған субсидиялар мөлшеріне қарағанда азайған немесе артқан жағдайда:
рейстерді орындалу жиілігін өзгертуге;
жергілікті атқарушы органдардың өтініші негізінде жолаушылар легін ұлғайту және маршрутты коммерциялық негізге ауыстыру мақсатында тарифті өзгертуге;
тасымалдаушылармен келісу бойынша жылдық жалпы сома шегінде авиамаршруттар бағыттары бойынша субсидияларды қайта бөлуге жол беріледі.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.11.2017 № 722 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 838 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
1) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес авиакомпанияның субсидияланатын авиамаршруттары бойынша жолаушылардың, жүктің, багаждың және поштаның тасымалдануы туралы есеп;
2) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес авиакомпанияның субсидияланатын авиамаршруттары бойынша шығыстар тізілімі.
Есепті ай үшін бюджеттік субсидияларды төлеу есепті айдан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.
Қаржы жылының қорытындысы бойынша авиакомпания мен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган орындалған жұмыстардың салыстыру актісін жасай отырып, өзара есеп айырысуларды салыстыруды жүргізеді.
1) бірінші кезең – қатарынан алты айдың нәтижелері бойынша субсидияланатын авиамаршрутта авиарейстердің орташа айлық жолаушылар жүктелуі әуе кемесінің тасымалдау сыйымдылығының барынша коммерциялық жүктелуінен 60 %-ға дейін жеткен кезде авиакомпания азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға авиатасымалдарға тарифті көтеру туралы ұсыныс енгізеді;
2) екінші кезең – қатарынан алты айдың нәтижелері бойынша субсидияланатын авиамаршруттағы авиарейстердің орташа айлық жолаушылар жүктелуі әуе кемесінің тасымалдау сыйымдылығының барынша коммерциялық жүктелуінен 70 %-ға дейін жеткен кезде авиакомпания азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға авиатасымалдарға тарифті көтеру туралы ұсыныс енгізеді;
3) үшінші кезең – қатарынан алты айдың нәтижелері бойынша субсидияланатын авиамаршрутта авиарейстердің орташа айлық жолаушылар жүктелуі әуе кемесінің тасымалдау сыйымдылығының барынша коммерциялық жүктелуінен 80 %-ға дейін жеткен кезде авиакомпания азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға авиатасымалдарға тарифті көтеру туралы ұсыныс енгізеді;
4) төртінші кезең – қатарынан алты айдың нәтижелері бойынша субсидияланатын авиамаршрутта авиарейстердің орташа айлық жүктелуі әуе кемесінің тасымалдау сыйымдылығының барынша коммерциялық жүктелуінен 80 %-ға жоғары болған кезде, аталған маршрут шығынды болмаған жағдайда авиамаршрут коммерциялық негізге аударылады.
Субсидияланатын авиамаршруттардағы коммерциялық тұрақты рейстерді кемінде алты ай басқа авиакомпаниялар орындаған кезде авиамаршрутты субсидиялау тоқтатылады.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган авиакомпаниялардан түскен ұсыныстарды қарайды және үш жұмыс күні ішінде жауап береді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.06.2019 № 435 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
|
|
Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасына 1-қосымша |
Тұрақты авиамаршруттарды бюджеттік субсидиялаудың
№ ______ шарты
Орналасқан жері 20_ жылғы "___" ____
Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын
______________________________________________________________ атынан
(Тапсырыс берушінің толық атауы)
_____________________________________________________________________
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
бір тараптан және бұдан әрі "Орындаушы" деп аталатын
_____________________________________________ негізінде әрекет ететін
(Жарғының, Ереженің және т.б.)
_______________________________________________________________атынан
(Орындаушының толық атауы)
_____________________________________________________________________
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
бұдан әрі "Тараптар" деп аталатындар төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1) Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес субсидияланатын авиамаршруттар бойынша жолаушыларды, жүкті, багажды және почтаны тасымалдау туралы есеп;
2) Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес субсидияланатын авиамаршруттар бойынша шығыстар тізілімі.
Есептік айға бюджеттік субсидияларды төлеу есепті айдан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.
1) авиамаршрутқа (жолаушыларды, багажды, жүкті және почтаны тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшін) арналған куәлік кері қайтарылған жағдайда;
2) Тараптардың өзара келісімі бойынша;
3) екінші Тарап міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Тараптардың бірінің талап етуі бойынша.
Тараптардың деректемелері мен қолдары
Тапсырыс беруші Орындаушы
___________________________ ___________________________
(толық атауы) (толық атауы)
___________________________ ___________________________
(мекенжайы) (мекенжайы)
___________________________ ___________________________
(басшының Т.А.Ә.) (басшының Т.А.Ә.)
___________________________ ___________________________
(қолы) (қолы)
20_ жылғы "__"_____________ 20_ жылғы "__"______________
М.О. М.О.
|
|
Тұрақты авиамаршруттарды бюджеттік субсидиялау шартына қосымша |
Кіріс деңгейін қамтамасыз етпейтін
авиамаршруттардың тізбесі
Өлшем бірлігі: теңге, ҚҚС-пен
|
Р/с № |
Авиамаршрут |
Авиамаршрутқа бөлінген сома |
Жиілік саны (аптасына) |
Тариф (әуежай және сақтандыру алымдарын есепке алғанда) |
1 кг жүктің және багаждың тарифі |
Өзге де шығыстар |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Осы қосымша 20__ жылғы "__"_______________ №_____ Тұрақты авиамаршруттарды бюджеттік субсидиялау шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Тапсырыс беруші Орындаушы
___________________________ ___________________________
(Т.А.Ә., қолы) (Т.А.Ә., қолы)
20_ жылғы "__" ____________ 20_ жылғы "__" ____________
|
|
Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасына 2-қосымша |
_____________________________________________________________
(авиакомпанияның атауы) авиакомпаниясының субсидияланатын авиамаршруттары жөніндегі
20__ жылғы__________есебі
Мерзімділігі: ай сайынғы, өлшем бірлігі: теңге, ҚҚС-пен
|
Рейс күні |
Рейс № |
Маршруты |
Ұшу сағаты |
ӘК типі |
ӘК бойынша ұшу сағатының өзіндік құны |
Әуежай қызметі |
ЖЖМ |
АНҚ |
Метеоқамтамасыз ету |
Өзге де шығыстар |
Барлық пайдалану шығыстары |
Тасымалданған жолаушылар саны |
Кіріс |
Субсидиялауға жататын сома |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
Басшы __________________________________________
(басшының қолы, Т.А.Ә.)
Бас бухгалтер __________________________________
(бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.)
М.О.
|
|
Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасына 3-қосымша |
__________________________________________________________________
(авиакомпанияның атауы) авиакомпаниясының субсидияланатын авиамаршруттары бойынша жолаушыларды, жүкті, багажды және почтаны тасымалдау туралы
20__ жылғы "__" _____________есебі
Өлшем бірлігі: теңге, ҚҚС-пен
|
Ұшу күні |
Рейс № |
Авиамаршрут |
Жолаушы купонының № |
Ересек/Бала/Сәби |
Жолаушылар саны экономикалық/бизнес класс |
Тариф экономикалық/бизнес класс |
Төлемдік багаж түбіртегінің № |
Мөлшері, кг |
Тариф |
Почта, жүк құжатының берілген күні |
Почта мен жүктің мөлшері кг |
Тариф |
Кіріс |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
Басшы __________________________________________
(басшының қолы, Т.А.Ә.)
Бас бухгалтер __________________________________
(бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.)
М.О.
|
|
Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасына 4-қосымша |
_______________________________________________________
(авиакомпанияның атауы)
авиакомпаниясының субсидияланатын авиамаршруттары
бойынша 20__ жылғы _________ шығыстарының тізілімі
Өлшем бірлігі: теңге, ҚҚС-пен
|
Рейс күні |
Рейс №. |
Авиамаршрут |
Қызмет берушінің атауы |
Шығыстарды растайтын құжаттар |
Сомасы |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
Жиыны |
Басшы __________________________________________
(басшының қолы, Т.А.Ә.)
Бас бухгалтер __________________________________
(бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.)
М.О.
|
|
Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасына 5-қосымша |
Көрсетілген қызметтер актісі
20_ жылғы "__" __________________
Біз, төменде қол қойған _____________________________________________
бір тараптан және ___________________________________________________
екінші тараптан, 20__ жылғы "__" _________________ жағдай бойынша
көрсетілген қызметтердің осы актісін жасадық.
|
Авиамаршруттың атауы |
Бір айда орындаған рейстер саны |
Тасымалданған жолаушылардың саны |
Нәтижесінде қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялау сомасы ___________________________________________ құрайды.
(сомасы санмен және жазбаша теңгемен)
Тапсырыс беруші Авиакомпания
_______________________________ _____________________________
(басшының немесе ол уәкілеттік (басшының қолы, Т.А.Ә.)
берген адамның қолы, Т.А.Ә.)
М.О. М.О