Кез келген мемлекеттің, қоғамның ілгері басуына оның құрылыс, сәулет саласына қарап баға беруге болады. Құрылыс саласы – қашаннан да экономиканың негізгі іргетасы екендігі айқын. Сондықтан да, құрылыс саласының дамуы елдің экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтік жағдайының артуына тікелей байланысты.
«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – басқарма) коммуналдық меншік объектілерін салуды және реконструкциялауды, сәулет және қала құрылысын дамытуды жүзеге асырады.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2021 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 471,9 млрд теңгеге аяқталды, ХҚҰ 98,5%-ды құрады. Ақшалай түрде бұл сома 2020 жылғы көрсеткіштен асты, алайда дефлятордың әсерінен бұл көрсеткішке қол жеткізілмеді. Сонымен қатар құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша облыс республикада 4-орында, республикалық көлемнің 8,6% құрайды.
2022 жылы құрылыс жұмыстары көлемінің 104% - ға (510,3 млрд.теңге) дейін өсуін қамтамасыз ету жоспарлануда.
Тұрғын үй инфрақұрылымын жақсарту саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру Басқарманың басым бағыты болып табылады.
2021 жылдың қорытындылары бойынша Қарағанды облысы бойынша «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында қаржыландырудың барлық көздері есебінен 662,0 мың шаршы метр тұрғын үй (5,0 мыңға жуық пәтер) пайдалануға берілді, бұл 2020 жылғы фактінің 125,0%-ын құрайды.
Іске қосу көлемінің 25%-ы жеке тұрғын үйге (165 мың м2), 61%-ы коммерциялық (243 мың м2) және 14%-ы мемлекеттік сектордың тұрғын үйіне (91 мың м2) тиесілі.
Жыл қорытындысы бойынша жеке инвестициялардың өсуі есебінен коммерциялық тұрғын үйдің өсуі байқалды. Бұл облыстағы тұрғын үй кешендерін салу үшін бизнес тарапынан қызығушылық бар екенін көрсетеді. Егер 2020 жылы 243,0 мың ш. м. коммерциялық тұрғын үй енгізілсе, ағымдағы жылы коммерциялық тұрғын үй көлемі шамамен 400 мың ш. м. құрады.
2022 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 708,2 мың ш.м. тұрғын үйді немесе 2020 жылғы деңгейді 107%-ға орындау жоспарлануда (шамамен 7,8 мың пәтер пайдалануға беріледі). 2022 жылы Қазақстан Республикасының Тұрғын үй саясатында жаңа тәсілдер қабылданатын болады. Атап айтқанда, табыс деңгейі төмен кезекте тұрғандарға жалдау ақысын субсидиялау, мүдделі құрылыс салушылармен тұрғын үй кешендерін салуға ұзақ мерзімді келісімшарттар енгізу, сондай-ақ өз жұмыскері үшін ауылдық жерлерде тұрғын үй салған жұмыс берушінің шығындарын субсидиялау.
Қарағанды облысының әлеуметтік маңызды нысандарын дамыту бойынша.
2021 жылы 19 әлеуметтік маңызы бар нысан пайдалануға берілді, оның ішінде:
- денсаулық сақтау нысандарын дамыту аясында Қарағанды қаласының Майқұдық және Сұрыптау аудандарында екі жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының құрылыстары аяқталды, Нұра ауданының Кертінді ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункті пайдалануға берілді;
- білім беру нысандарын дамыту шеңберінде Қарқаралы ауыл-шаруашылық колледжі жатақханасының, Қарағанды қаласындағы балалар мен жасөспірімдер сарайының құрылысы аяқталды, Қарағанды қаласында, Шет ауданының Киік ауылында, Жезқазған қаласының Теректі станциясында, Жаңаарқа ауданының Жаңаарқа кентінде 4 мектеп бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды;
- мәдениет нысандарын дамыту аясында Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің ғимаратына жапсаржай, Жезқазған қаласындағы Жошы ханның тарихи-мәдени кешені, Ұлытау ауданының «Ұлытау» мұражайы мен келу орталығының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желісі пайдалануға берілді;
- спорт нысандарын дамыту аясында келесі нысандар аяқталды: Ұлытау ауданының Қарсақпай кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Сәтбаев қаласындағы спорт кешенінің ауа тіреуіш құрылысын қайта жаңарту;
- ветеринария объектілерін дамыту шеңберінде пайдалануға енгізілгендер: Нұра ауданының Ахмет ауылында және Абай ауданының Дубовка ауылында екі ветеринариялық пункт, Осакаров ауданының Ақбұлақ ауылында және Осакаровка кентінде 2 мал қорымы.
Ағымдағы жылы 34 нысанның құрылысы бойынша жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде 7 білім беру нысаны, 1 мәдениет нысаны, 11 спорт нысаны, 8 денсаулық сақтау нысаны, 3 ветеринария нысаны және 4 индустриялық аймақ инфрақұрылымы нысандары.
Оның ішінде 2022 жылы келесі нысандарды аяқтау жоспарлануда:
- Қарағанды қаласында 200 төсектік облыстық көп бейінді балалар ауруханасының құрылысы;
-Абай ауданының Юбилейное ауылында, Жаңаарқа ауданының Атасу ауылында, Жаңаарқа ауданының Ынталы ауылында, Шет ауданының Төменгі Қайрақты ауылында 4 фельдшерлік-акушерлік пункттердің қрылысы;
- Абай ауданы Құрма ауылындағы ауылдық клубты қайта құру;
-Бұқар Жырау ауданының Ботақара кентінде, Ұлытау ауданының Жезді кентінде, Шахтинск қаласында, Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ ауылында 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы;
- Жаңаарқа ауданының Жаңаарқа кентінде және Нұра ауданының Нұра кентінде 2 бассейннің құрылыстары;
- Сәтбаев қаласындағы "Жастар" стадионының қайта құру;
- Нұра ауданы Нұра кенті мен Шахтерское ауылындағы 2 хоккей корттарының құрылысы;
- Сәтбаев қаласындағы Оқушылар сарайының құрылысы;
- Жезқазған және Сәтбаев қалаларында 2 балабақшаның құрылысы;
- Саран қаласындағы, Жаңаарқа ауданының Ақтүбек ауылындағы, Шет ауданының Ақадыр кентіндегі мектептерге спорт залдарының құрылысы;
- Қарағанды қаласындағы лицей интернатына жапсаржай (бұрынғы қыздарға арналған КТЛ мектебі);
- Саран қаласының Индустриялық аймағына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу.
Бұдан басқа, Бұқар Жырау ауданының Мұстафин кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын бастау жоспарланған.
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 47-бабына сәйкес елді мекендердің аумақтарын дамыту және оларға құрылыс салу белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарлар негізінде жүзеге асырылады.
Қарағанды облысы бойынша 442 елді мекен бар. Оның ішінде 9 облыстық маңызы бар қала, 2 аудандық маңызы бар қала, тұрғындарының саны 5 мыңнан асатын 14 елді мекен және тұрғындарының саны 5 мыңнан кем 417 елді мекен.
Бүгінгі күні 421 елді мекен, оның ішінде 11 қала (9 облыстық маңызы бар, 2 аудандық маңызы бар), тұрғындарының саны 5 мыңнан асатын 14 елді мекен және тұрғындарының саны 5 мыңнан кем 396 елді мекен жаңа бас жоспарлармен (БП) қамтамасыз етілген. Елді мекендердің 96%-ы бас жоспарлармен қамтамасыз етілген.
Басқарма өз құзыреті шеңберінде халық санының өсуін, сондай-ақ Қарағанды облысының әрбір қаласының, ауданының ерекшеліктерін ескере отырып, елді мекендердің жайлы тұрғын ортасын дамытуды қамтамасыз ететін бірыңғай тұрғын үй саясатын және тұрғын үй-коммуналдық саладағы саясатты іске асырады. Тұрғын үй құрылысы мен әлеуметтік маңызы бар нысандар құрылысындағы негізгі шаралары құрылысты ынталандыруға, жаппай құрылыс салу аудандарын инженерлік коммуникациялармен жайластыру арқылы халықтың қалың жігін Қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге және халықты тіршілік ету нысандарымен қамтамасыз етуге бағытталған.
Түйіндей айтқанда, құрылыс саласының дамуы өркениет заманындағы өркендеудің өлшемі іспеттес. Яғни, құрылыс кешені ел экономикасына, оның ішінде тұрғындардың әлеуметтік әлеуетінің артуына шешуші ықпал ететіні сөзсіз. Олай болса алдағы уақытта облыстың құрылыс қарқыны одан әрі қарыштап, жобалар ел игілігіне жүзеге асады деген сенім мол.