Бүгінгі күні облыс бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегінде 36 672 азамат тұр.
2 690 – көп балалы отбасылар, 14 431-халықтың әлеуметтік осал топтары, 13 119 – бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 7 118 – жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 314-жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтар.
Жыл сайын облыста мыңға жуық отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
2019 жылғы 22 шілдеден бастап облыс бойынша көп балалы, толық емес және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін "Бақытты отбасы" бағдарламасын іске асыру басталды. Бағдарлама мұқтаж отбасылардың Отбасы банкі арқылы жылдық 2% - бен жеңілдетілген ипотека алуы үшін құрылған.
Сонымен қатар, облыста 2020 жылдан бастап "Шаңырақ" пилоттық жобасы (5-10-20) "Нұрлы жер" бағдарламасының жаңа бағытын жүзеге асыруда.
Қазіргі уақытта "Шаңырақ" жобасы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезекте тұрғандар 107 тұрғын үй қарызын алды, 157-азаматтарға өтінімдер мақұлданды, олар пәтер іздеуде.
Сондай-ақ, азаматтар өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалана алады.
Қазіргі уақытта ағымдағы жылы барлық қаржыландыру көздерінен 530 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, оның ішінде 150 – көп балалы отбасылар, 76 - жетім балалар, 244-халықтың әлеуметтік осал топтары (бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері – 44, жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтар-16), оның ішінде "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша – 174.
Қазіргі уақытта азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.