Әкімшілік полиция – Ішкі істер министрлігінің басты бағыттарының бірі.
Функциялары:
- әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды ескерту бойынша профилактикалық жұмысты жүзеге асырады;
- жергілікті полиция қызметінің жұмысын бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
- заңнамаға сәйкес лицензиялар мен рұқсаттар беруді жүзеге асырады;
- ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша лицензиялау және рұқсаттар беру саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
- лицензиаттардың қызметіне, оның ішінде олардың қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады;
- күзет қызметімен, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждаумен, ретке келтірумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын субъектілерді және жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;
- ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құру құқығын келісуді жүзеге асырады;
- мемлекеттік күзетуге жататын жеке тұлғалар мен объектілерді күзетуді ұйымдастырады;
- мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерде өткізу режимін қамтамасыз ету кезінде адамдарды, олардың заттарын, көлік құралдарын тексеріп қарауды ұйымдастырады;
- күзет қызметі субъектілерінен олардың "Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды орындауы туралы ақпаратты сұратады;
- ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асырады;
- күдіктілер мен айыпталушыларды, сотталғандарды күзетуді және айдауылдауды бақылауды жүзеге асырады;
- күзету халықаралық шарттарға сәйкес мемлекетке жүктелген объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
- азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласында айналысатын жеке және заңды тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.