Меню

Страницы

Статья

Эпизоотияға қарсы

«Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 16-07/332 бұйрығы.

 

Ветеринариялық-санитариялық саламатты аймақтарда жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау тәртібі

Облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) өкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекітеді.

Бұл ретте аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау, Тізбеге енгізілген аурулар бойынша, мыналар негізінде жүргізіледі:

1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі соңғы 3 (үш) жылдағы эпизоотиялық мониторинг мәліметтері;

2) кірісті (төл және басқа түсімдер), шығысты (сойылу, қырылу және өзге есептен шығарылу) есептегендегі қолда бар жануарлар басы және жануарлар топтары (эпизоотиялық бірліктері);

3) аурудың түріне байланысты ветеринариялық препаратты қолдану нұсқамасына (нұсқаулығына) сәйкес, ветеринариялық препаратты егу саны;

4) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларда қарастырылған диагностикалық зерттеулер саны;

5) көрші әкімшілік-аумақтық бірліктердегі және шектесетін шет мемлекеттердегі эпизоотиялық ахуал туралы мәліметтері.

  1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ЖАО ветеринариялық іс-шаралар жоспарларының әкімшілік-аумақтық бірліктер кесініндегі жобасын ветеринария саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі-уәкілетті орган) ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісімдегеннен кейін, ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейін уәкілетті органға жібереді.
  2. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мәліметтер және эпизоотиялық монитринг мәліметтері негізінде, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды бекітеді, ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
  3. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар негізінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО ветеринариялық іс-шаралардың тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер кесініндегі жоспарларын бекітеді және жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу үшін аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО жолдайды.

3-1. Заңның 11-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйым (бұдан әрі – референттік орталық) жүргізетін жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларына референттік және мониторингтік зерттеулерді жоспарлау Тізбеге енгізілген аурулар бойынша мыналар негізінде жүзеге асырылады:

1) референттік орталықта жүргізілген соңғы 3 (үш) жылдағы диагностикалық зерттеулер деректерінің орташа көрсеткіші;

2) әкімшілік-аумақтық бірліктердегі (облыс, аудан) және шектес мемлекеттердегі эпизоотиялық ахуал туралы деректер;

3) соңғы 3 (үш) жылдағы эпизоотиялық мониторинг деректері;

4) кірісін (төл және басқа түсімдер), шығысын (сойылу, қырылу және өзге есептен шығарылу) және жабайы жануарлардың популяциясын есептегендегі қолда бар ауыл шаруашылығы жануарларының басы.

 

Ветеринариялық-санитариялық саламатты аймақтарда жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі

  1. Жеке және заңды тұлғалар ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда эпизоотиялық қолайлылықты қамтамасыз ету мақсатында Заңның 25-бабындакөзделген, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына бағытталған іс-шараларды жүргізеді.
  2. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аймақтардағы ветеринариялық профилактикалық іс-шараларды ЖАО ветеринария саласындағы қызметерді атқаратын бөлімшелері (бұдан әрі-ветеринариялық бөлімшелер) ұйымдастырады.
  3. Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды (вакциналауды/аллергиялық зерттеуді жүргізуді, қан сынамаларын алуды және ветеринариялық зертханаларға жеткізуді тиісті әкімшілік аумақтың ЖАО ветеринариялық пункттерімен қоса құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдары (бұдан әрі-ветеринариялық ұйымдар) атқарады.
  4. Ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы, Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен, жануарларды профилактикалық иммундаудан өткізу үшін ветеринариялық препараттарды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ЖАО беруді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 "Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" қаулысындабелгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ветеринариялық бөлімшелері ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес, ветеринариялық препараттарды аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында бөледі.

  1. Қан сынамаларын алу және оларды ветеринариялық зертханаларға тасымалдау (жеткізу) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11618 болып тіркелген) бекітілген Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларына сәйкес ветеринариялық зертханадан алып қолданылған қан сынамаларын алатын вакуумдық жүйеге және осы қағидаларға 3-қосымшағасәйкес нысан бойынша қан алу актісі жасалады. Осы актіге осы қағидаларға 4-қосымшағасәйкес нысан бойынша алынған қан сынамалары бойынша тізімдеме қоса беріледі.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа, фермер қожалықтарында жануарлардан қан сынамаларын алу, ЖАО мекемесімен осы ауыл шаруашылық кәсіпорыны, шаруа, фермер қожалықтары еңбек келісім шарты бар ветеринариялық дәрігерлерге рұқсат етіледі.

Дата публикации
24 мая 2022
Дата обновления
24 мая 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

saryarqaaqparat
Сарыарқа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы