Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен реттеледі.
Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген тәсілмен бірдейлендіруге Қазақстан Республикасының аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарлары жатады.
Ауыл шаруашылығы жануарларының төлі мынадай жасқа жеткен күнінен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіріледі:
бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
құлындар – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде);
тақ тұяқты жануарлардың төлі (есектер, қашырлар, пони, зебра, құлан және басқа жануарлар) – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде);
асыл тұқымды торайлар, әрі қарай өсіруге және өсімін молайтуға арналған торайлар және халықтың шаруашылықтарында күтіп-бағылатын торайлар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін тоғыз айлық жасқа жеткенге дейін бордақылауға арналған торайлар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған торайлар – тоғыз айлық жасқа толған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру рәсімі:
1) осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тәсілдердің бірімен ауыл шаруашылығы жануарларына жеке нөмір беруді;
2) "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 6321 болып тіркелген) бекітілген тәртіппен мәліметтерді ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасына енгізуді;
3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорт беруді қамтиды.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.07.2016 № 344 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жеке нөмірді беру ауыл шаруашылығы жануарларының түріне қарай келесі тәсілдердің бірімен жүргізіледі:
1) сырғалау (тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын, өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған ірі қара мал, ұсақ мал, түйелер, шошқалар және торайлар үшін);
2) таңба басу (төрт айлық жасқа толғаннан бастап) немесе чип салу (туғаннан бастап жеті күн өткеннен кейін) (жылқылар және тақ тұяқты жануарлар үшін);
3) татуировка (ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, тоғыз айлық жасқа жеткенге дейін кейіннен сою үшін бордақылауға арналған торайлар үшін).
Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түріне қосымша келесі тәсілдермен жеке нөмір беруге жол беріледі:
электрондық бірдейлендіру тәсілі (ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін пайдаланылатын радиожиілікті белгісі бар сырғалар, болюстер, чиптер және басқа бұйымдар (құралдар);
татуировка;
таңба басу.
Бұл ретте, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда ауыл шаруашылығы жануарларына осы тармақта көрсетілген тәсілдермен жеке нөмір беру:
мал бастарын ішкі шаруашылық есепке алуды жүргізу үшін;
осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тәсілдермен жеке нөмір берілгенге дейін, ауыл шаруашылығы жануарларына уақытша жеке нөмір беру үшін жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу тәртібі
Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға деген қажеттілікті айқындап, облыстың жергілікті атқарушы органына ақпарат береді:
1) ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейін – ағымдағы жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға деген қажеттілік жөнінде;
2) ағымдағы жылдың 1 наурызына дейін – келесі жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға деген қажеттілік жөнінде;
3) осы Қағиданың 28 және 29-тармақтарында көрсетілген жағдайлардың туындауына қарай ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға деген қажеттілік туындаған кезде.
Осы Қағиданың 19-тармағына сәйкес алынған ақпарат негізінде облыстың жергілікті атқарушы органы, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға деген қажеттілікті айқындап, процессингтік орталыққа ақпарат береді:
1) ағымдағы жылдың 15 ақпанына дейін – ағымдағы жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға деген қажеттілік жөнінде;
2) ағымдағы жылдың 15 наурызына дейін – ағымдағы жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға деген қажеттілік жөнінде;
3) осы Қағиданың 28 және 29-тармақтарында көрсетілген жағдайлардың туындауына қарай ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға деген қажеттілік туындаған кезде.
Процессингтік орталық осы Қағиданың 20-тармағына сәйкес алынған ақпарат негізінде ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясын жүргізеді. Бұдан кейін процессингтік орталық:
1) Жүргізілген ауыл шаруашылығы жануарларының эмиссиясы нәтижелерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жеткізеді;
2) ірі және ұсақ ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіруін жүргізуге арналған атрибуттар мен бұйымдардың (құралдардың) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына тасымалдануын (жеткізуді) жүзеге асырады.
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді, ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясын жүргізуге арналған атрибуттар мен бұйымдардың (құралдардың) процессингтік орталықтан алынуына қарай аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына олардың қажеттіліктеріне сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттар мен бұйымдарды (құралдарды), ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясына сәйкес жылқылардың және тақ тұяқты жануарлардың жеке нөмірлерін және ветеринариялық паспорттарды бөледі;
2) жүргізу мерзімін анықтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді ұйымдастырады;
3) дерекқордың тұрақты негізде жүргізілуін ұйымдастырады.
Ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринариялық паспорт беру тәртібі
Ветеринариялық ұйымдардың ветеринариялық дәрігері ауыл шаруашылығы жануарына жеке нөмір берген сәттен бастап үш жұмыс күнінің ішінде жануардың иесіне ветеринариялық паспорт береді.
Ветеринариялық паспорт ауыл шаруашылығы жануарларына ұсақ малдарды, шошқаны қоспағанда жеке беріледі.
Паспорт нөмірі осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөміріне сәйкес келеді.
Ұсақ малға (қойлар, ешкілер), шошқаларға ветеринариялық паспорт тобына (отарына) беріледі. Ұсақ малдың, шошқалардың тобына (отарына) ветеринариялық паспорт берген кезде, ветеринариялық паспорт нөмірінде осы Қағиданың 3, 4 және 5 тармақтарында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарларының тиісті түрінің жеке нөмірінің төрт символы көрсетіледі. Ветеринариялық паспортқа топтың (отардың) әрбір ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі енгізіледі.
Ветеринариялық паспортқа деректерді ветеринариялық ұйымның ветеринариялық дәрігері қолымен және мөрімен бекітіледі.
Бұл ретте ауыл шаруашылығы жануарына жүргізілген ветеринариялық өңдеулер және диагностикалық зерттеулер және ауыл шаруашылығы жануары туралы басқа да мәліметтер (ауыл шаруашылығы жануарларының жынысы, түсі, жасы, қосымша белгілері) дерек қорға енгізіледі.
Ветеринариялық паспорт деректерін кейіннен жаңарту ветеринариялық іс-шараларды жүргізу, иесін ауыстыру, ауыл шаруашылығы жануарын бір әкімшілік-аумақтық бірліктен екінші әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына орнын ауыстырған және басқа жағдайларда жүзеге асырылады.
Ірі ауыл шаруашылығы жануарлар шыққан кезде (ұдайы өндіріске өткізу) ветеринариялық паспорт ондағы тиісті белгісімен ауыл шаруашылығы жануарының жаңа иесіне беріледі.
Ұсақ ауыл шаруашылығы жануарлары тобының (отарының) бір бөлігі қатардан шыққан кезде (ұдайы өндіріске өткізу) жаңа иесіне ветеринариялық паспорттан үзінді көшірме беріледі. Ұсақ ауыл шаруашылығы жануары межелі пунктке келгеннен кейін, ауыл шаруашылығы жануарында бар жеке нөмірді өзгертпей ветеринариялық паспорт ресімделеді.
Тиісті мәліметтер дерек қорға енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңында (сою бойынша алаң), сою пунктінде және етті қайта өндіру кәсіпорнында сойғаннан кейін сою алаңының (сою бойынша алаң), сою пунктері мен етті өңдеу кәсіпорындарының ветеринариялық дәрігерлері, ветеринариялық паспорттар мен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) тиісті әкімшілік-аумақтың бірліктің жергілікті атқарушы органдары құрған ветеринариялық ұйымдарға тізімдеме бойынша береді, ал жеке тұтынуға арналған ауыл шаруашылығы жануарларын сойған кезде – иелері тапсырады.
Жануар өлген жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалардың 28 және 29-тармақтарында қарастырылған жағдайлар туындаған жағдайда ветеринариялық ұйымдар ветеринариялық паспорт және ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіруге арналған бұйымдарды (құралдар) жойып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелеріне тиісті ақпарат жібереді.
Ветеринариялық паспорттың түпнұқасы ол жоғалған немесе ескірген кезде беріледі.
Жоғалған немесе бүлінген ветеринариялық паспортты ауыл шаруашылығы жануарының иесі ветеринариялық ұйымның ветеринариялық дәрігеріне осы Қағидада көрсетілген 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еркін нысанда жазбаша өтініш (ветеринариялық паспорттың жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі.
Ветеринариялық дәрігерге өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ветеринариялық паспортты алғашқы беру күнін және оны қайта ресімдеу күнін көрсете отырып жоғары оң жақ бұрышында "дубликаты" деген жазуы бар ветеринариялық паспорт беріледі.
Ветеринариялық паспорттың үзінді көшірмесін алу керек болған жағдайда, ветеринариялық ұйымның кеңсесі немесе www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы және осы Қағидада көрсетілген 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорттың үзінді көшірмесін алуға арыз қабылданып тиісті үзінді көшірме беріледі.