Меню

Страницы

Статья

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Ағымдағы жылдың 30 маусымында Қарағанды облысының әкімі
Е.Бөлекпаевтың төрағалығымен Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында Қарағанды, Приозерск және Теміртау қалалары әкімдерінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарған жұмыстарының нәтижелері қаралып, қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың тиімділігі талқыланды.
Сонымен қатар, «Сарыарқа» ӘКК» АҚ мен «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының комплаенс қызметтері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін жетілдіруге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін одан әрі төмендетуге, профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ ашықтық пен парасаттылық қағидаттарын нығайтуға бағытталған бірқатар тапсырмалар берілді.

 
 

 

 

 

 

Дата публикации
01 июля 2026
Дата обновления
29 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

saryarqaaqparat
Сарыарқа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы