«Қарағанды Металл Бұйымдар Зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — металл бұйымдарының кең спектрін өндіруге маманданған кәсіпорын.
Тарихи мәлімет
Кәсіпорынның тарихы 1954 жылдың 12 қыркүйегінен басталады, бұл аумақта сол кезде «Галантерея» артелі орналасқан болатын. Кеңестік кезеңде мұнда сандықтар, тарақтар, балалар велосипедтері, серуендеу арбашалары мен шанақтар, жүк арбашалары, сондай-аа өндірістік мақсаттағы өнімдер: мал шаруашылығы кешендері үшін қора-жай жабдықтары, сауым залдары мен дезинфекциялық тоннельдер үшін металл каркастар шығарылды.
Негізгі қызмет бағыттары
Қазіргі уақытта зауыттың негізгі қызмет бағыты әртүрлі мақсаттағы металл бұйымдарды өндіру болып табылады.
Өндірістік қуат
Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 7 миллионға дейін өнім бірлігін шығаруға мүмкіндік береді.


Кәсіпорын құрамы
Зауытта 107 білікті маман және жұмысшы еңбек етеді.
Байланыс
Кәсіпорынмен байланысу үшін келесі байланыс деректерін пайдалануға болады:
Мекен-жайы: Қарағанды қ., Арман көш., 2Б.
Телефондар: 8 (7212) 532 954, 533 039.
Сайт: https://karzmi.kz/