Меню

Страницы

Статья

БАЛАНЫҢ ТУУЫ

Баланың тууын тіркеуге өтініш беру

  1. Порталға кіріп, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өтіңіз.
  2. Өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қою.
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) баланың ЖСН көрсете отырып, туу туралы актілік жазбаны тіркеу туралы хабарламамен танысу. Хабарлама 2 жұмыс күні ішінде келеді.
  4. Оң жауап болған жағдайда, жәрдемақы тағайындауға өтініш беру үшін келесі қадамға өту керек.

Баланың тууына жәрдемақы тағайындау.

  1. Порталға кіріп, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өтіңіз.
  2. Өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қою керек. Өтінімде «Қазпошта» АҚ, «Халық банкі» АҚ ашылған дербес шоттың (IBAN) нөмірін көрсету керек.
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) баланың тууына жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламамен танысу қажет. Хабарлама 7 жұмыс күні ішінде келеді.

Мемлекеттік корпорацияға барыңыз. Портал арқылы өтініш берген кезде сізге кезектен тыс қызмет көрсетіледі.

Мемлекеттік корпорацияға барған кезде қажетті құжаттар:

  1. Баланың/балалардың тууы туралы куәліктері немесе тууы туралы актілік жазбадан үзінді көшірме.
  2. Алушының жеке басын куәландыратын құжат.
  3. Көрсетілетін қызметті алушының деректері баланың тууы туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда Жасасу (бұзу) туралы куәлік қажет.
  4. Балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін немесе асырап алынғанын растайтын құжат.
  5. Сенімхат-үшінші тұлғалар өтініш пен қажетті құжаттарды берген жағдайда.

Қайта оралу

 

Дата публикации
04 февраля 2026
Дата обновления
04 февраля 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

saryarqaaqparat
Сарыарқа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы