Өңірде зейнеткерлерге жұмыс табуға көмектесетін жобалар жүзеге асырылуда.
Олар үшін «Алтын жас» жобасы жүзеге асырылуда. Қатысу мерзімі-24 айдан аспайды.
Зейнеткерлік жасқа толмаған 50 жастан асқан жұмыссыз адамдарды жұмысқа орналастыру үшін «Күміс жас» жобасы іске асырылуда. Мұнда да субсидияланған жалақы қарастырылған. Жобаға қатысу ұзақтығы 36 айдан аспайды. Аяқтағаннан кейін қатысушыға зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орны беріледі.
Халықтың әлеуметтік осал топтарын оқыту үшін «JUMYS TAP» жобасы іске асырылуда.
Осы бағыттар бойынша жұмысқа орналасу немесе оқудан өту үшін қалалар мен аудандарда орналасқан мансап орталықтарына жүгіну немесе Қарағанды облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығына Қарағанды қаласы,Тәттімбет көшесі, 709, екінші қабат мекежайына келу қажет. Байланыс номері: +7 (7212) 99-64-03).
Ардагерлерге қандай әлеуметтік қолдау қарастырылған? Ұлы Отан соғысының ардагерлері, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар Жеңіс күніне біржолғы материалдық төлем алуға құқылы. Олардың ішінде-концлагерь тұтқындары; қоршаудағы Ленинградта өмір сүрген адамдар; тыл еңбеккерлері; ҰОС жылдарында қаза тапқандардың (қайтыс болғандардың) жесірлері мен әйелдері.
Бұдан басқа, біржолғы материалдық көмек мынадай санаттарға көрсетіледі: Ауған соғысының ардагерлеріне; Чернобыль АЭС-на апат салдарын жоюға қатысушыларға; Тәжік-Ауған учаскесінде қызмет еткен әскери қызметшілерге; Таулы Қарабақтағы қақтығысты реттеуге қатысушыларға; Ирактағы бітімгершілік операцияға қатысқан бітімгерлерге.
Барлық төлемдер алушының шотына автоматты түрде аударылады.
Сондай-ақ, ардагерлердің санаторий-курорттық емделуге баруға мүмкіндігі бар.
Қызметті алу үшін қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне хабарласу қажет.