Меню

Страницы

Статья

ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ

Диплом алғаннан кейін жас мамандар көбінесе жұмыс іздеуде қиындықтарға тап болады. Еңбек нарығын бағдарлау үшін қалалар мен аудандардың мансаптық орталықтарына жүгіну керек, онда мамандар өтініш берушінің біліміне сәйкес келетін бағыттар бойынша кеңес береді. Көбінесе жастар «Жастар тәжірибесі», «Бірінші жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», әлеуметтік жұмыс орындары және қоғамдық жұмыстар сияқты қолдау шараларын таңдайды.

Жаңа дағдыларды игеру және біліктілікті арттыру үшін оларды білім беру ұйымдарында қысқамерзімді кәсіптік оқытуға жіберуге болады. Біліктілік деңгейіне және қажетті дағдыларға байланысты оқу ұзақтығы алты айдан аспайды. Онлайн-оқытуды электрондық еңбек биржасында да өтуге болады (skills enbek kz. Сондай-ақ, «Мансап компастары» электрондық еңбек биржасының цифрлық экожүйесі іске қосылды, mansap.enbek.kz. платформасындағы деректер күн сайын жаңартылып отырады, онда жалақысы 300-ден 700 мың теңгеге дейінгі 400 сұранысқа ие кәсіп бойынша ақпарат ұсынылған.

Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында Бос орындар жәрмеңкелері тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Мобильді топтар шалғай ауылдарға барады.

«Жасыл Ел» жасағына қалай қосылуға болады

Қарағанды облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы жанынан жыл сайын еңбек жасақтарының қызметі арқылы жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Жасыл ел» республикалық жобасы іске асырылуда. Оған өтінім беру сәтінде 14 жастан 34 жасқа дейінгі (қоса алғанда) Қарағанды облысының жастары қатысуға жіберіледі. Қатысу үшін сауалнаманы онлайн немесе офлайн форматта толтыру, өтініш берушінің жеке куәлігінің немесе туу туралы куәлігінің көшірмесін, ал кәмелетке толмағандар үшін - ата-анасының немесе заңды өкілдерінің жеке куәлігінің қосымша көшірмесін ұсыну қажет. Сондай-ақ тіркеу орны бойынша емханадан алуға болатын 075/У нысаны бойынша Медициналық анықтама және әлеуметтік осал санатқа жататынын растайтын құжат (бар болса) талап етіледі. Жоба туралы барлық өзекті ақпарат Басқарманың ресми сайтында орналастырылады https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-zhastar?lang=ru

Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы жастарға өтеусіз психологиялық, консультациялық және заңгерлік көмек көрсетеді. Толығырақ 8 (775) 338 9146 телефоны арқылы білуге болады

 

Облыс әкімінің «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттарын беру конкурсына қатысу шарттары

Грант алуға өтінім беру сәтінде 18 жастан 34 жасқа дейінгі (қоса алғанда) облыс жастары қатыса алады. Қатысу үшін сауалнаманы онлайн немесе офлайн форматта толтыру, сондай - ақ шығындар сметасын және жобаның сипаттамасын презентация немесе бейнеролик форматында дайындау қажет.

Толығырақ 8 (775) 338 9146 телефоны арқылы білуге болады

Дата публикации
04 февраля 2026
Дата обновления
04 февраля 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Бейнероликтер
Ақпарат
21 октября 2026
Аудиороликтер
Ақпарат
21 октября 2026
Инфoграфикалар

Социальные медиа

saryarqaaqparat
Сарыарқа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы