|
№ р/н |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Орындау мерзімі |
|
1. |
Энергия кәсіпорындарының инвестициялық міндеттемелерін іске асыру кезінде уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Инвестициялық бағдарламалар іс-шараларының орындалуын көзбен шолып тексеруді ұйымдастыру арқылы уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан, энергия кәсіпорындарының инвестициялық міндеттемелерінің іске асырылуына бақылауды күшейту жөніндегі тарифтерді қалыптастыру қағидаларының (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген) 15-тармағының 16-тармақшасына өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен Ұлттық экономика министрлігіне хат бастамашылық етсін |
Хат |
2024 жылдың 4 тоқсан |
|
2. |
Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды орындау кезінде ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындайды |
Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды электрондық форматқа ауыстыру қажеттігі туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне хат бастамашылық етсін |
Хат |
2024 жылдың 4 тоқсан |
|
3. |
Мердігерлік ұйымдар шығындарды қағаз түрінде ашып көрсете отырып, орындалған жұмыстардың актілерін ұсынған кезде ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
ҚР Қаржы министрлігіне және ҚР Ұлттық экономика министрлігіне мердігер ұйымдарға мемлекеттік сатып алу порталында шығындарды ашып көрсете отырып, орындалған жұмыстар актілерін қалыптастыруға мүмкіндік беру туралы ұсынысқа бастама жасау |
Хат |
2024 жылдың 4 тоқсан |
|
4. |
Жаңғыртуды жүргізгені үшін кредит беру шеңберінде берешекті өтеу кезінде ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелі туындайды |
Сот органдарына талап арыздар беру жөніндегі жылдық жоспарды бекіту |
Жоспар |
2024 жылдың 4 тоқсан |
|
5. |
Нақты ұйымның мүдделерін лоббилеу бөлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекеліне жол бермеу мақсатында |
ЖШС әлеуметтік желілері мен сайттарында КЖТ жөндеу жұмыстарының басталуы туралы ақпарат |
Сілтемелер |
2024 жылдың 4 тоқсан |