|
№ п/п |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1. |
«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басшысы
|
Облыстағы мемлекеттік құрылыс саясатына, облыстық бюджет қаражаты есебінен елді мекендерді салу жобаларын тиімді іске асыруға байланысты жұмыстар кешенін ұйымдастыру және оған басшылық ету;
Облыста инвестициялық саясатты қалыптастыруға, құрылыс бағдарламаларын, мемлекеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын коммуналдық меншік объектілерін, Қазақстан Республикасының кепілдігімен берілетін инвестициялар мен кредиттерді тиімді іске асыруға байланысты жұмыстар кешенін жүргізуге басшылық етеді;
ҚР Мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамасын, құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтау. |
лауазымды тұлғаның материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты жеке мәселелерді шешу кезінде өзінің лауазымдық өкілеттіктерін пайдалану егер мұндай ақпарат ресми таратылуға жатпаса, лауазымдық міндеттерін орындау кезінде алынған ақпаратты жеке немесе топтық мүдделерде пайдалану.
өзге тұлғаларға мәліметтерді жария ету мүмкіндігі |
Жоғары |
|
2. |
«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басшысының орынбасары
|
Коммуналдық меншік объектілерін салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кепілдігімен берілетін мемлекеттік қаражат, Инвестициялар және кредиттер есебінен қаржыландырылатын объектілердің өндірістік қызметіне байланысты нормативтік және нұсқаулық құжаттаманы келіседі;
Орындалған жұмыстардың көлемін, бағалардың негізділігін, сондай-ақ мердігер ұйымдар, өнім берушілер және басқа ұйымдар өздері орындаған жұмыстар үшін ақы төлеуге ұсынатын құжаттардағы мәліметтерді тексеру, сондай-ақ сапасыз орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемін төлеуге жол бермеу;
Тұрғын үй объектілері бойынша нысаналы трансферттердің сомаларын айқындау үшін жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесін және олар бойынша шығыстардың сомаларын көрсете отырып, тиісті жоғары тұрған органға өтінім беру жөніндегі жұмыстарға басшылық жасау Басқарма бөлімдерінің қалалар мен аудандардың бюджеттеріне мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй салуға және бюджет қаражатын кредиттеу есебінен дамытуға, коммуналдық шаруашылықты дамытуға бағытталған нысаналы трансферттерді игеру жөніндегі жұмысын ұйымдастыру. |
лауазымды тұлғаның материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты жеке мәселелерді шешу кезінде өзінің лауазымдық өкілеттіктерін пайдалану егер мұндай ақпарат ресми таратылуға жатпаса, лауазымдық міндеттерін орындау кезінде алынған ақпаратты жеке немесе топтық мүдделерде пайдалану. |
Жоғары
|
|
3. |
«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ жоба-сметалық құжаттамалар және күрделі жөндеу бөлімінің басшысы
|
Барлық қаржыландыру көздері есебінен әлеуметтік мақсаттағы объектілердің жобалары мен жұмыс сызбаларын қарау. Жобаларды құрылыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келтіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау. Мердігер құрылыс ұйымына бекітілген Техникалық құжаттаманы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауымен берілген рұқсатты, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды беруді бақылау Техникалық және авторлық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтер көрсетуді, барлық құрылыс-монтаждау жұмыстарының уақтылы орындалуын және олардың бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін, мердігер ұйымдардың берілген техникалық шарттарды орындауын сақтауын бақылау. Мердігерлік ұйымнан құрылыс салушының қабылдауы бойынша қабылдау комиссияларының, аяқталған ғимараттар мен құрылыстардың жұмыстарын ұйымдастыру. Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы Тапсырыс беруші болып табылатын объектілердің уақтылы пайдалануға берілуін бақылау, атқарушы техникалық құжаттаманың ресімделуін бақылау және объектіні пайдаланушы ұйымның балансына беру |
жобалау-сметалық құжаттаманы заңсыз түзету; орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының тиісті емес көлемі бойынша орындалған жұмыстар актілеріне ақы төлеу; құрылыс объектісі толық аяқталмаған кезде объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қою |
Жоғары
|
|
4. |
«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ құрылысты ұйымдастыру және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы |
"Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР Заңына сәйкес жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу. |
конкурстық құжаттаманы дайындау ; әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарау; байқау жеңімпаздарын анықтау |
Орта
|
|
5. |
«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ бюджеттік бағдарламаларды орындау бөлімінің басшысы
|
Қаржылық тәртіпті сақтауға және ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу; Жеткізушілер мен мердігерлерге көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар және жеткізілген тауарлық-материалдық құндылықтар үшін төлем шоттарын қалыптастыру және оларды Қазынашылық-Клиент жүйесіне енгізу. |
- бюджет қаражатын ұрлау |
Орта
|