Меню

Страницы

Статья

«Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ және ведомстволық бағынысты ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі

 

«Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ және ведомстволық бағынысты ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі

№

п/п

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер

 

1.

 

Басқарма басшысы

  Құрылымдық бөлімшелердің қызметіне басшылықты, бюджеттік өтінімдерді дайындауды ұйымдастыруды және ветеринария саласындағы бағдарламалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;

·           Басқарма қызметінің мәселелері бойынша семинарларды, кеңестерді, консультацияларды ұйымдастыруға және өткізуге басшылықты және тікелей қатысуды жүзеге асырады;

·                 Келіп түскен құжаттар мен материалдар бойынша шешімдерді қарайды және қабылдайды, олармен жұмыс істеу тәртібін айқындайды;

Лауазымды адамның немесе оның туыстарының материалдық қажеттіліктерін немесе өзге де жеке мүдделерін қанағаттандыруға байланысты жеке мәселелерді шешу кезінде өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалану.

 

2

Басшының орынбасары

·           Құрылымдық бөлімшелердің қызметіне басшылықты, олардың жұмысын ұйымдастыруды және үйлестіруді, ветеринария мәселелері бойынша шешім қабылдауды жүзеге асырады;

·         Бюджеттік өтінімдер жасауды ұйымдастыруды және ветеринария саласындағы бағдарламаларды іске асыруды жүзеге асырады;

·           Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру және деректер базасын жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде басшылықты жүзеге асырады;

·                Бюджеттік өтінімдер жасауды ұйымдастыруды және ветеринария саласындағы бағдарламаларды іске асыруды жүзеге асырады;

Лауазымды адамның немесе оның туыстарының материалдық қажеттіліктерін немесе өзге де жеке мүдделерін қанағаттандыруға байланысты жеке мәселелерді шешу кезінде өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалану.

 

3

Құқықтық қамтамасыз ету бойынша бас маман

Басқарма қызметін құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді жүзеге асырады;

Құқық қорғау органдарына материалдарды және сот органдарына талап арыз материалдарын дайындауды жүзеге асырады;

Нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және шығару кезінде біреудің мүдделеріне қызығушылық таныту.

Сот процесстеріне қатысқан кезде біреулердің мүдделеріне қызығушылық таныту

 

4

Ветеринариялық-санитариялық объектілердің жұмыс жасауын және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру бөлімінің басшысы

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді (жануарға ветеринариялық паспорт дайындау) жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды сатып алу, тасымалдау (жеткізу) жөніндегі қызметтерді, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу жөніндегі қызметтерді, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жөніндегі қызметтерді және мал қорымдарын салу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүргізу үшін іс-шаралар көлемін жоспарлауды ұйымдастырады;

Пайдалануға берілген мал қорымдарына қызмет көрсету үшін қажетті қаражат көлемін және сібір жарасы көмілген жерлерге қызмет көрсету үшін қажетті қаражат көлемін жоспарлайды; 

Бөлімнің бағдарламалары бойынша бюджеттік өтінімдерді жасау бойынша іс-шараларды ұйымдастырады;

Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру үшін атрибуттарды есепке алу, бөлу, олардың пайдаланылуын және есептен шығарылуын бақылайды; 

Қызметкерлердің жұмысын объективті бағаламау, жекелеген қызметкерлерге қамқорлық жасау, бөлім қызметкерлерін көтермелеу және жазалау жөнінде ұсыныс енгізу кезінде объективті ақпаратты бұрмалау. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу, ветеринариялық паспорт дайындау үшін бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде өнім берушілерге артықшылық беру.

Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салу, реконструкциялау кезінде жеткізушілерге артықшылық беру. Өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың назарына немесе құқық қорғау органдарына жеткізбеу.

 

5

Ветеринариялық-санитариялық объектілердің жұмыс жасауын және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру бөлімінің бас маманы

Өткізілетін ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпаратты жинауды және талдауды, бекітілген 5-вет нысаны бойынша есепті жинақтауды және оларды мүдделі тұлғаларға беруді жүргізеді;

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу, ветеринариялық паспорт дайындау үшін бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жөніндегі рәсімдерге қатысады;

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындауды және ақпаратты процессингтік орталыққа беруді ұйымдастырады;

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыруды және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;

Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді)жинауды және жинақтауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

Ветеринариялық пункттердің құрылысы мен реконструкциясын ұйымдастыруды қамтамасыз етуге қатысады.

Лауазымды адамның немесе оның туыстарының материалдық қажеттіліктерін немесе өзге де жеке мүдделерін қанағаттандыруға байланысты жеке мәселелерді шешу кезінде өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалану. Өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың назарына немесе құқық қорғау органдарына жеткізбеу.

 

6

ТЖ туындаған кезде іс-шараларды ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, ветеринариялық есептілікті қалыптастыру бөлімінің басшысы

Облыс аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;

Жануарлар мен адам денсаулығына қауіп төндіретін «Ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу үшін көлемді жоспарлау (Ауру жануарларды сою объектілеріне тасымалдау), зарарсыздандыруға (қайта өңдеуге) жататын мал басының санын және қауіпті жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай иелеріне залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған және қайта өңделген) құнын өтеуге арналған қаражат көлемін жоспарлау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады.

Қызметкерлердің жұмысын объективті бағаламау, жекелеген қызметкерлерге қамқорлық жасау, бөлім қызметкерлерін көтермелеу және жазалау жөнінде ұсыныс енгізу кезінде объективті ақпаратты бұрмалау. «Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау» мемлекеттік қызметті көрсету кезінде артықшылық беру. Жануарлар мен адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай, залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген құнын иелеріне өтеу кезінде артықшылық беру. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан келіп түскен өтініштерді заңда белгіленген тәртіппен сапасыз қарау. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша ішкі бақылауды тиісінше ұйымдастырмауы және жүргізбеуі. Өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың назарына немесе құқық қорғау органдарына жеткізбеу.

 

7

ТЖ туындаған кезде іс-шараларды ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, ветеринариялық есептілікті қалыптастыру бөлімінің бас мамандары

ТЖ туындаған кезде іс-шараларды ұйымдастырады;

Жануарлар мен адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) және қайта өңдеуді ұйымдастырады;

Жануарлар мен адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген құнын иелеріне өтеуді ұйымдастырады;

Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастырады;

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады;

Жануарларды ұстау қағидаларын, иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды ұстаудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды бекіту үшін енгізеді;

Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтауды, талдауды және оларды уәкілетті органға ұсынуды ұйымдастырады.

«Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау» мемлекеттік қызметті көрсету кезінде артықшылық беру. Жануарлар мен адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай, залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген құнын иелеріне өтеу кезінде артықшылық беру. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан келіп түскен өтініштерді заңда белгіленген тәртіппен сапасыз қарау. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша ішкі бақылауды тиісінше ұйымдастырмауы және жүргізбеуі. Өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың назарына немесе құқық қорғау органдарына жеткізбеу.

 

8

Эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жұқпалы емес ауруларды мониторингілеу бөлімінің басшысы

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыруды ұйымдастырады; Бөлімнің мамандары жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін манипуляция көлемін (дозалар санын), олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді ұсыну бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді)ұйымдастырады;

Қызметкерлердің жұмысын объективті бағаламау, жекелеген қызметкерлерге қамқорлық жасау, бөлім қызметкерлерін көтермелеу және жазалау жөнінде ұсыныс енгізу кезінде объективті ақпаратты бұрмалау.

 

9

Эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жұқпалы емес ауруларды мониторингілеу бөлімінің бас маманы

·         Халық денсаулығын жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыруға бағытталған қызметті жүзеге асырады;

·         Өткізілетін ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпаратты жинауды және талдауды және бекітілген 3-вет, 5-вет, 6-вет нысандары бойынша есепті жинақтауды және оларды мүдделі тұлғаларға беруді жүргізеді; Уәкілетті орган мүдделі тұлғалармен бірлесіп белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешімді әзірлеуге қатысады; Уәкілетті органның келісімі бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекітуді қамтамасыз етеді;

Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық, жұқпалы емес ауруларының профилактикасы мен диагностикасы, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етеді; Эпизоотиялық ошақтар пайда болған жағдайда оларға тексеру жүргізеді және эпизоотологиялық тексеру актісін береді; Уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;

·         «Энзоотиялық аурулардың профилактикасы және диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу», «Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізу» 014 бағдарламасы «Ветеринариялық препараттарды уақытша сақтау пунктіне дейін тасымалдау жөніндегі қызметтер» 028 бағдарламасы, «Жануарлардың энзоотиялық ауруларының, көрсетілетін қызметтердің профилактикасы және диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды орталықтандырылған сатып алу» бюджеттік бағдарламалары бойынша қажеттіліктерді ұсынады аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының оларды сақтауын және тасымалдауын (жеткізуін) ұйымдастырады;

·         Бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржылық қамтамасыз ету және Мемлекеттік сатып алу бөлімімен бірлесіп техникалық ерекшелікті жасау және әзірлеу кезінде қатысады;

·         Профилактикасы мен диагностикасы бекіту үшін бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін әзірлейді;

Лауазымды адамның немесе оның туыстарының материалдық қажеттіліктерін немесе өзге де жеке мүдделерін қанағаттандыруға байланысты жеке мәселелерді шешу кезінде өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалану. Өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың назарына немесе құқық қорғау органдарына жеткізбеу.

Фактов нет

10

Қаржы-әкімшілік бөлімінің басшысы     

Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізудің дұрыстығын ұйымдастырады және бақылайды;

Материалдық және қаржылық ресурстардың ұтымды үнемді пайдаланылуын және тауарлық-материалдық құндылықтарды ресімдеу, қабылдау және босатудың белгіленген ережелерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді; Қаржы-шаруашылық қызметін талдауды, мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Тиісті органдарға белгіленген мерзімде қаржылық, бюджеттік, салықтық, статистикалық, бухгалтерлік есептілікті жасайды және ұсынады. Ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың даму жоспарларын (ШЖҚ 9 КМК)қарайды, келіседі және бекітеді;

Тізілімнің веб-порталында ведомстволық бағынысты ұйымдардың даму жоспарларының орындалуына мониторингті және бағалауды жүзеге асырады;

Қарағанды облысы бойынша ҚСжАЕКД-не жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы есептерді уақтылы қалыптастыруды және ұсынуды ұйымдастырады.

ҚР ӘПҮК сәйкес бақылаудағы жеке және заңды тұлғалардың тапсырмаларын, хаттарын, өтініштерін орындау мерзімдерінің сақталуын бақылайды.

 

Қызметкерлердің жұмысын объективті бағаламау, жекелеген қызметкерлерге қамқорлық жасау, бөлім қызметкерлерін көтермелеу және жазалау жөнінде ұсыныс енгізу кезінде объективті ақпаратты бұрмалау. Сыйақы, кәсіпорынның қызметін бағалау критерийлеріне сәйкес қаражатқа қол жеткізу.  

Қаржылық тәртіпті сақтамау және ресурстарды ұтымсыз пайдалану.

Өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың назарына немесе құқық қорғау органдарына жеткізбеу.

Бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану жағдайларына жол бермеу жөнінде толық шаралар қолданбау. «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына сәйкес рәсімдерді уақтылы өткізбеу. Қарағанды облысы бойынша ҚСжАЕКД-не жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы есептерді уақтылы қалыптастырмау және ұсынбау.

ҚР ӘПҮК сәйкес бақылаудағы жеке және заңды тұлғалардың тапсырмаларын, хаттарын, өтініштерін орындау мерзімдерінің сақталуына тиісінше бақылау жасамау.

 

11

Қаржы-әкімшілік бөлімінің бас маманы     

·         Заңнамада белгіленген тәртіппен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды, екі тараптан қол қою үшін шарттар дайындауды жүзеге асырады; Жасалған шарттар бойынша өнім берушілердің міндеттемелерінің орындалуын бақылайды. Аумақтық қазынашылық органдарында азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркейді;

·         Бастапқы құжаттаманы - көрсетілген қызметтер актілерін, орындалған жұмыстарды, тауарларды қабылдау-беру актісін, жеткізушілерден электрондық шот-фактураны дайындаудың дұрыстығын қабылдайды және тексереді, оларды төлеуге береді;

 Жеткізушілерге (мердігерлерге, орындаушыларға) шағымдар бойынша материалдар дайындайды, олармен жасалған шарттардың талаптарын өзгертуді келіседі; Аумақтық қазынашылық органымен банктік құжаттарды ресімдеу және № 3 Мемориалдық ордер жүргізу бойынша жұмыстар жүргізеді; Жылдық, жартыжылдық қаржылық, статистикалық және салық есептілігін жасауға қатысады;

·         Жеке және заңды тұлғалардың Қарағанды облысы бойынша ҚСжАЕК-ке өтініштері туралы есептерді уақтылы қалыптастырады және ұсынады. ҚР ӘПҮК сәйкес бақылаудағы жеке және заңды тұлғалардың тапсырмаларын, хаттарын, өтініштерін орындау мерзімдерінің сақталуын бақылайды.

Қызметкер жұмыс орнында нақты болмаған жағдайда жұмыс уақытын толық көлемде төлеу. Сыйақы, кәсіпорынның қызметін бағалау критерийлеріне сәйкес қаражатқа қол жеткізу. Қаржылық тәртіпті сақтамау және ресурстарды ұтымсыз пайдалану.

Өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың назарына немесе құқық қорғау органдарына жеткізбеу.

Бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану жағдайларына жол бермеу жөнінде толық шаралар қолданбау. «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына сәйкес рәсімдерді уақтылы өткізбеу. Қарағанды облысы бойынша ҚСжАЕКД-не жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы есептерді уақтылы қалыптастырмау және ұсынбау.

ҚР ӘПҮК сәйкес бақылаудағы жеке және заңды тұлғалардың тапсырмаларын, хаттарын, өтініштерін орындау мерзімдерінің сақталуына тиісінше бақылау жасамау.

 

12

Ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары

·         Кәсіпорынның мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету жөнінде шешімдер қабылдайды. Қызметкерлердің жұмысын бағалайды, кәсіпорын қызметкерлерін көтермелеу және жазалау бойынша ұсыныстар енгізеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан келіп түскен өтініштерді заңда белгіленген тәртіппен қарайды; кәсіпорын қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді; Өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық жағдайлары туралы Құқық қорғау органдарының назарына жеткізеді

·        



 

Мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету бойынша заңсыз шешімдер қабылдау. Материалдық қажеттіліктерді немесе өзге де жеке мүдделерді қанағаттандыруға байланысты жеке мәселелерді шешуде өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалану. Қызметкерлердің жұмысын объективті бағалау, жекелеген қызметкерлерге қамқорлық жасау, кәсіпорын қызметкерлерін көтермелеу және жазалау туралы ұсыныс жасау кезінде объективті ақпаратты бұрмалау. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан келіп түскен өтініштерді заңда белгіленген тәртіппен сапасыз қарау. Кәсіпорын қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша бақылауды тиісінше ұйымдастырмауы және жүргізбеуі. Өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың назарына немесе құқық қорғау органдарына жеткізбеу.

 

13

Кәсіпорынның бухгалтері

Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізеді; Материалдық және қаржылық ресурстарды ұтымды және үнемді пайдалануды және тауарлық-материалдық құндылықтарды ресімдеу, қабылдау және босатудың белгіленген ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді; Қаржы-шаруашылық қызметті талдауды жүзеге асырады, меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді. Тиісті органдарға белгіленген мерзімде қаржылық, салықтық, статистикалық, бухгалтерлік есептілікті жасайды және ұсынады. Кәсіпорынның даму жоспарын әзірлейді; Ұйымдарды дамыту жоспарын орындауды жүзеге асырады;

Жұмысшы жұмыс орнында нақты болмаған жағдайда жұмыс уақытын толық көлемде төлеу. Сыйақы, кәсіпорынның қызметін бағалау критерийлеріне сәйкес қаражатқа қол жеткізу. Қаржылық тәртіпті сақтамау және ресурстарды ұтымсыз пайдалану.

Өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың назарына немесе құқық қорғау органдарына жеткізбеу. Бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану жағдайларына жол бермеу жөнінде толық шаралар қолданбау. "Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР Заңына сәйкес рәсімдерді уақтылы жүргізбеу.

 

14

Ветеринариялық станциялардың жұмыскерлері

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан келіп түскен өтініштерді заңда белгіленген тәртіппен қарайды; Мемлекеттік қызметтерді жүргізеді; Өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың назарына немесе Құқық қорғау органдарына жеткізеді. Ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізеді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан келіп түскен өтініштерді заңда белгіленген тәртіппен сапасыз қарау. Мемлекеттік қызметтерді тиісінше өткізбеу. Өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың назарына немесе құқық қорғау органдарына жеткізбеу.

 

 

Дата публикации
09 ноября 2023
Дата обновления
09 ноября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

saryarqaaqparat
Сарыарқа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы