2026 жылғы 7 сәуірде облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Қарқаралы ауданы әкімінің м.а. С.Қ.Мусинмен лауазымдық міндеттерін атқару кезінде мемлекеттік қызметтің әдеп қағидаттарын және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын сақтау мәселесі бойынша жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ұжымда іскерлік қарым-қатынастарды нығайтуға, еңбек, орындаушылық тәртіпті сақтауға, қосымша табыс алу үшін онлайн, офлайн және спортқа ставкалар қоюға тыйым салуға және мемлекеттік қызметкерлер арасында ойынға тәуелділікпен күресті күшейтуге, қызметтік автокөлікті тек жұмыс мәселелері бойынша пайдалануға, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуге және т.б. ерекше назар аударылды.
