Бұқар Жырау ауданы Доскей ауылдық округінің әкімі Р.Ж. Исаиновпен түсіндіру жұмыстары

2026 жылғы 20 наурызда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімоваға Бұқар Жырау ауданы Доскей ауылдық округінің әкімі Р.Ж. Исаинов Қарағанды қаласының тұрғынынан шағым түскеннен кейінгі мән-жайларды анықтау үшін шақырылды. Әкімнің барлық іс-әрекеттері құқықтық салада жүзеге асырылғаны және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын бұзуға жол берілмегені анықталды. Әкіммен бір мезгілде мемлекеттік қызметтің әдеп қағидаттарын және лауазымдық міндеттерін атқару кезінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын сақтау мәселесі бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді.

 

Дата публикации
17 апреля 2026