Мемлекеттік қызметке іріктеудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 15 қаңтардағы № 13 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 16 қаңтарда № 33909 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 20-1) және 44-9) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбестен орналасуын келісу қағидалары;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын келісу қағидалары бекітілсін.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
төрағасы |
Д. Жазықбай |
|
|
|
Қазақстан Республикасының |
|
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбестен орналасуын келісу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбестен орналасуын келісу тәртібі
1) Заңның 15-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына;
2) Заңның 15-бабының 3-2 тармағында көрсетілген тұлғалардың облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдарының басшыларына;
3) Заңның 15-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген тұлғалардың орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, олардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдарының басшыларына;
4) Заңның 15-бабының 7-тармағында көрсетілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбестен орналасуын келісу жүзеге асырылады.
1) осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Заңның 15-бабының 3-2 тармағында көрсетілген тұлғалардың орналасуын;
2) осы Қағидалардың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген лауазымдарды қоспағанда, Заңның 15-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген тұлғалардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбестен орналасуын келісу жүзеге асырылады.
1) кандидатты ұсынатын мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе бірінші басшының міндеттерін атқару жүктелген адам қол қойған, мемлекеттік органның бланкісінде еркін нысанда ресімделген хат (ұсыныс);
2) жеке сәйкестендіру нөмірін қамтитын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кандидаттың қосымшалары бар білім туралы құжаттарының көшірмелері.
Шетелдік білім беру ұйымдарында алынған құжаттардың көшірмелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен осы құжаттарды тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі;
4) тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) куәландырылған мемлекеттік органның "Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына қойылатын біліктілік талаптарының көшірмесі;
5) Заңның 15-бабының 5-тармағында көрсетілген адамдар үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітіргені туралы хат (анықтама);
6) Заңның 15-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген адамдар үшін біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжат;
7) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) куәландырылған кандидаттың (мемлекеттік қызметшінің) қызметтік тізімі немесе кандидат мемлекеттік қызметтен тыс еңбек еткен жағдайда еңбек қызметін (функционалдық міндеттерін) растайтын құжаттың көшірмесі.
8) кандидаттың дербес деректерін жинауға және өңдеуге жазбаша келісімі;
9) осы Қағидалардың 11-тармағының 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 11.08.2025 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) тағайындауға келіседі;
2) құжаттар толық ұсынылмаған немесе құжаттардың сапасыз (оқу мүмкін болмаған) көшірмелері, құжаттардағы мәліметтер толтырылмаған немесе толық толтырылмаған жағдайда пысықтауға қайтарады;
3) осы Қағидалардың 11 тармағына сәйкес бас тарту себептері туралы дәлелді жауап бере отырып, тағайындауды келісуден бас тартады.
3-тарау. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбестен орналасуын келісуден бас тарту негіздері
1) кандидаттың қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) және (немесе) мінез-құлқына қоғам тарапынан негізделген сынның аудио, видео немесе өзге де материалдармен расталған теріс жарияланымдардың болуы;
3) мемлекеттік қызметшінің өткен (соңғы) тоқсандағы қызметінің қанағаттанарлықсыз бағалануы;
4) қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылуы;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы қозғалған істің болуы;
6) кандидатта алынбаған тәртіптік жазаның немесе кандидатқа қатысты тоқтатылмаған тәртіптік істің болуы;
7) Заңның 16-бабының 3 және 3-1-тармақтарына сәйкес мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкес келмеуі;
8) кандидатқа келісім беру жүзеге асырылатын "Б" корпусының бос немесе уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына конкурс өткізу рәсімдерінің жүргізілуі.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 23.04.2025 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 11.08.2025 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
|
|
Қазақстан Республикасының |
Мемлекеттік органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын келісу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын келісу тәртібі
1) мемлекеттік орган құрылған;
2) мемлекеттік органға басқа мемлекеттік органның, оның ішінде жойылған (таратылған) не қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органның функцияларын, өкілеттіктерін және (немесе) штат бірліктерін берген;
3) мемлекеттік органның құрылымын және (немесе) штат кестесін өзгерткен;
4)мемлекеттік лауазымның не мемлекеттік органның (құрылымдық бөлімшенің) атауы, функциялары және (немесе) өкілеттіктері өзгерген;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де жағдайларда.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 31.03.2026 № 52 (11.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік органда "Е-қызмет" интеграцияланған ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда келісу үшін біліктілік талаптары уәкілетті органға және (немесе) оның аумақтық бөлімшесіне мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы электронды түрде жолданады.
1) біліктілік талаптарын келісу;
2) біліктілік талаптарын келісуден бас тарту.
3-тарау. Мемлекеттік органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын келісуден бас тарту негіздері
1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
2) білімі (мамандығы) бойынша талаптардың мемлекеттік органның осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің штат кестесінде көзделген жоғары және төмен тұрған мемлекеттік лауазымдарға қойылатын білімі бойынша талаптардың сәйкес келмеуі;
4) біліктілік талаптары мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тілдерінде (бар болса) сәйкес келмеуі;
5) мемлекеттік органның біліктілік талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтыруларды бекіту немесе енгізу қажеттігін растайтын құқықтық актінің болмауы.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК