Сайлауды тағайындау туралы

Қарағанды облысының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ

Қарағанды облысының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 14-бабының 3 тармағына, 113-1-бабына сәйкес Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Шет аудандары сайлау комиссияларының қаулыларымен:
Абай ауданының Ақбастау ауылдық округі, Мичурин ауылдық округі;
Ақтоғай ауданының Шашубай кенті, Кежек ауылдық округі, Тасарал ауылдық округі;
Бұқар жырау ауданының Белағаш ауылдық округі, Ростов ауылдық округі;
Қарқаралы ауданының Темірші ауылдық округі;
Нұра ауданының Мұзбел ауылы, Тассуат ауылы;
Осакаров ауданының Нияз ауылдық округі;
Шет ауданының Ақой ауылдық округі
әкімдерін сайлау 2026 жылдың 24 мамырына тағайындалғанын хабарлайды.

Қарағанды облысының
аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
15 апреля 2026