14 сәуір күні Саран қаласының №6 жалпы білім беретін мектебінде «Сенің таңдауың – сенің күшің: жастар және саясат» тақырыбында оқушылармен кездесу өтті.

14 сәуір күні Саран қаласының №6 жалпы білім беретін мектебінде «Сенің таңдауың – сенің күшің: жастар және саясат» тақырыбында оқушылармен кездесу өтті.

Іс-шараға Қарағанды облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері — Абельгазина А.О. және Уатай Д.О., Қарағанды облысының Жас сайлаушылар клубының төрайымы — Қонысова А.Н., сондай-ақ Сарань қаласының Жас сайлаушылар клубы төрағасының орынбасары — Қанапиянова А.О. қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар сайлаудың қоғам өміріндегі маңызы, жастардың саяси үдерістердегі рөлі, сондай-ақ сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі қағидаттары туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, жас ұрпақтың азаматтық белсенділігін қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Оқушылар тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, пікірталасқа белсенді қатысты, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ойларымен бөлісті. Ашық диалог форматы сайлау үдерісінің маңызды тұстарын қарапайым әрі түсінікті тілде талқылауға мүмкіндік берді.

Кездесу қорытындысы бойынша мектеп Президенті мектеп парламенті атынан қонақтарға алғысын білдіріп, кездесу барысында көтерілген барлық тақырыптар алдағы уақытта оқушылар тарапынан тағы да ой елегінен өткізілетінін атап өтті.

Дата публикации
15 апреля 2026