Қарағанды облысының аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері — Абельгазина Айгүл Омарқызы мен Уатай Данияр Оразұлы, сондай-ақ Қарағанды облысының Жас сайлаушылар клубының төрайымы Қонысова Асылай Нұрлыханқызы және Қарағанды қаласының Жас сайлаушылар клубының төрайымы Тогайбаева Дильназ Болатқызы Ж.К. Букенов атындағы Қарағанды банк колледжі мен Қарағанды көлік-технологиялық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында клуб төрайымдары студенттерге жас сайлаушылар клубтарының қызметі, мақсаттары мен даму перспективалары туралы жан-жақты ақпарат беріп, мүшелікке кіру мүмкіндіктерін талқылап, жастарды клубтарға қосылуға шақырды.
Өз кезегінде, Қарағанды облысының аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері студенттерге сайлау үдерісінің негіздері, Қазақстан Республикасының сайлау жүйесінің ерекшеліктері туралы айтып, жастардың азаматтық жауапкершілігі мен сайлауға қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Кездесу ашық әрі мазмұнды форматта өтті. Студенттер белсенділік танытып, өз сұрақтарын қойып, сайлау тақырыбына және қоғамдық қызметке шынайы қызығушылық білдірді. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және азаматтық белсенділігін арттыруға ықпал етеді.
Қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіреміз және осындай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдіреміз!



