Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасында семинар

2026 жылғы 10 наурызда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында семинар өткізді. Басқарма қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау, киімдегі іскерлік стилін сақтау, тұрмыста және жұмыста әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі туралы түсініктемелер берілді. Діни қатынастар мәселелері бойынша, мемлекеттік қызметшілерге казино ставкалары мен спорт ставкаларынан қосымша табыс алуға тыйым салу, ҚР-да ойынға тәуелділікпен (лудоманиямен) күресті күшейту, қызметтік көлікті мақсатына қарай және жұмыс уақытында қатаң пайдалану бойынша және т.б. түсіндірулерге ерекше назар аударылды. Семинарға басқарма басшысының м.а. Ж.С.Дюсетаева қатысты.

 

Дата публикации
26 марта 2026