2026 жылғы 3 наурызда Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Қарағанды облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшылық құрамымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында семинар өткізді. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытынан тыс уақыттағы мінез-құлық мәселелеріне, қызметтік автокөлікті тек мақсаты бойынша пайдалануға, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, әлеуметтік желілерді пайдалану мәдениетіне, мемлекеттік қызметтің беделін сақтауға, діни қатынастар мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, қосымша табыс алу және ҚР-да ойынға тәуелділікпен күресті күшейту үшін ойын мекемелеріне баруға тыйым салу бойынша түсініктемелер берілді. Мемлекеттік қызметшілердің белгіленген теріс қылықтары және басқа да құқыққа қайшы әрекеттер талқыланды, олар үшін тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қоса алғанда, әртүрлі құқықтық жауапкершілік көзделгені түсіндірілді.
