Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында семинар

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында семинар
2026 жылғы 10 ақпанда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.С.Бекімова Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында семинар өткізді. Жұмыста және тұрмыста мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібін және қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға, киімдегі іскерлік стилін қолдауға, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, діни мәселелерге, мемлекеттік қызметшілерге казино ставкалары мен спорт ставкаларынан қосымша табыс алуға тыйым салуға, ҚР-да ойынға тәуелділікпен (лудоманиямен) күресті күшейтуге және т.б. сұрақтарға ерекше назар аударылды. Әлеуметтік желілердегі соңғы жағымсыз жарияланымдарға байланысты мемлекеттік қызметшілерге әріптестеріне қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, әдепсіздік және дұрыс емес мінез-құлық фактілеріне жол бермеу қажеттігі туралы түсіндірілді. Семинарға Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ғ. Өтелбайұлы қатысты.

 

Дата публикации
23 февраля 2026