Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында семинар

2026 жылғы 22 сәуірде облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында семинар өткізді. Басқарма қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау, киімдегі іскерлік стилін сақтау, тұрмыста және жұмыста әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі туралы түсініктемелер берілді. Діни қатынастар мәселелері бойынша, мемлекеттік қызметшілерге казино ставкалары мен спорт ставкаларынан қосымша табыс алуға тыйым салу, ҚР-да ойынға тәуелділікпен (лудоманиямен) күресті күшейту, қызметтік көлікті мақсатына қарай және жұмыс уақытында қатаң пайдалану бойынша және т.б. түсіндірулерге ерекше назар аударылды. Семинарға Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы М.Ә. Мұқашев қатысты.

 

Дата публикации
23 февраля 2026