Қарағанды облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын іске асырудың жалпыланған ақпараты
Негізгі мақсаттар: Экономиканың тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту және бизнес-климатты жақсарту.
2021-2024 жылдар аралығында экономиканың орташа өсу қарқыны 3,7% құрады, 2025 жылы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 5,4% деңгейінде болды.
2021-2025 жылдар аралығында негізгі капиталға 5,2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды.
Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі бір жұмыспен қамтылған адамға шаққанда 44,6 млн теңгеге дейін өсті немесе 2024 жылдың қорытындысы бойынша 1-орынды иеленді.
Өңдеу өнеркәсібінің экспорты 2021-2024 жылдар мен 2025 жылдың 9 айында 15 354,8 мың АҚШ долларын құрады.
Инновациялық технологияларды қолданатын ірі және орта кәсіпорындардың үлесі 28,1% құрады.
2857,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Сүтті өңдеу үлесі 14,3%-дан (2024 жыл) 28,9%-ға дейін (2025 жыл) өсті.
2024 жылдың қорытындысы бойынша өмір сүру ұзақтығы бойынша белгіленген негізгі ұлттық индикатор орындалып, жоспарланған 73,9 жылға қарағанда 73,97 жылды құрады.
ЖМСМ қамту деңгейі 2024-2025 жылдар аралығында 83,8%-дан 84,7%-ға дейін өсті.
2021-2025 жылдар аралығында қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 85%-дан 95%-ға дейін жеткізілді.
Халықтың сумен қамтамасыз ету қызметтеріне қол жеткізу үлесі 100%-ға дейін жеткізілді.
Жылумен қамтамасыз ету жүйелерінің тозуы 60,3%-ға дейін төмендетілді;
Әлеуметтік игіліктер мен қызметтермен қамтылған СНП деңгейі
СРС жүйесіне сәйкес 2021 жылы 57,2%-дан 2024 жылы 64,6%-ға дейін өсті.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізілмеді:
халықтың экологиялық өмір сапасына қанағаттану деңгейі жүргізілген сауалнама бойынша 2022 жылы 49%-дан 47,2%-ға дейін төмендеді;
100 мың адамға шаққандағы ЖТО-дан қаза тапқандардың деңгейі 11,7-ден 14,1-ге дейін өсті,
бұл негізінен жүргізушілердің тәртіпсіздігі мен көлік қозғалысының қарқындылығына байланысты.
2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары ҰОИ тұрғысынан 44% орындалды
(2024 жылы 16 көрсеткіштің 7-сі) және іс-шаралар тұрғысынан 79,7% орындалды (2021 жыл – 260-ның 184-і, 2022 жыл – 328-нің 274-і, 2023 жыл – 386-ның 293-і, 2024 жыл – 158-нің 145-і, 2025 жыл – 165-тің 138-і). Облыс экономикасының тұрақты өсуі қамтамасыз етілді.